Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

7
1975

Похожее изображение

Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!

Бұл мейрам күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды Рамазан айының аяқталғанын білдіреді. Ежелден исламға тән құндылықтар – бейбітсүйгіштік, жанашырлық пен бауырмалдықтың терең мән-мағынасы осы шуақты күндерде айқын сезіледі.

Ораза айтта шын жүректен ақ тілек айтылып, әр адам адами қарым-қатынастың жылылығы мен айналасындағылардың қамқорлығын сезіну үшін қайырымдылық шаралары жасалады. Ізгі ниет пен игі істер қоғамда өзара түсіністіктің орнауына, халқымыздың татулығы мен ауызбіршілігін нығайтуға септігін тигізеді. Бұл – еліміздің одан әрі тұрақты және сенімді дамуының басты кепілі.

Бірлік пен татулық жүрегімізде әрдайым бейбітшілік пен жасампаздықтың жылуын ұялатсын!

Осы мерекеге орай барша қазақстандықтарға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін! Ораза айт қабыл болсын!

7 ПІКІРЛЕР

  1. Мұсылманның ең үлкен мерекесінің бірі Рамазан айт мерекесі қашан демалыс болады. Рождествоның орнына болады ғой. Бар болғаны 20 пайыз орыс үшін Рождествоны мейрам қылғанша!.

  2. Ораза айтында қайырымдылық шаралары көп жасалады. Сондықтан айттың қадір қасиетін мұсылман қауымы тегіс біледі деп ойлаймын.

  3. Сабынсыз көпіртіп мақтай беру керек пе?
    Тәтті өтіріктен ащы шындық артық.кеміс кеткен,ескерілмеген қате-кемшіліктерді жөндеңдер,босқа байбалам салмай.
    Жетпей тұрғанын жеткізіп,жабыла жұмылып абыроймен өткізуге тырысыңдар.әне бір шенеуніктің мәшинесі кеңсе алдында баспалдақтан түсіп-шығып,неғып жүр.жер-әлемге жайылып.атың шықпаса,жер өрте деп,бұл не қылған шумахер.

  4. Қазақстандықтар, қайырымды болайық. Бір-бірімізге көмек беруден еш жалықпайық. Сонда ғана бірлігіміз нығаяды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз