МАМАШЕВ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ!

82
7910

Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев қызметінен босатылды. Оның орнына елімізде талай жылдар бойы лауазымды қызмет атқарған Зауытбек Тұрысбеков тағайындалды. Оның кандидатурасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жиында ДҚҚ төрағасы болып Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қайта сайланды. Мемлекет басшысы бұрынғы бірінші орынбасары Талғат Мамашевқа алғысын білдіріп, орнына Зауытбек Тұрысбековтың кандидатурасын ұсынды.

«Енді біз Төрағаның бірінші орынбасарын сайлауымыз керек. Жанымда отырған Талғат Мамашев 2004 жылдан бастап атқарып келеді. Мен енді осы орынға Зауытбек Тұрысбековты ұсынғым келеді. Тәуелсіздік жылдары ішінде менің тапсырмаммен талай жауапты қызметтер атқарды. Ысылған, тәжірибелі. Кезінде қазақтың Көші-қон демография агенттігін басқарды. Облыста әкім, Ішкі істер министрі болды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігін басқарды. Ең негізгісі қандастарымыз ең көп тұратын Ресей мен Өзбекстанда елші болды. Олардың жағдайын жақсы біледі», – деді Елбасы.

   Құрылтай делегаттары Зауытбек Тұрысбековтің кандидатурасын бірауыздан қолдап дауыс берді.

«Үлкен сенімге көп рахмет. Бұл қызмет әр қазаққа бөлек дүние. Мен көп сөйлемеймін, істің адамымын. Ертеңгі күні бәрін іспен дәлелдеймін», – деді төрағаның жаңа бірінші орынбасары.

Еске сала кетейік, Талғат Мамашевтің қызметінен кетуі керектігі туралы бастаманы алғаш болып «Қазақ үні» ұлттық порталы көтерген болатын. Оған себеп, ел ішінде Мамашевтің қызметіне наразы қандастардың көптігі.

Осыған дейін Мамашев «Оралмандарды ұрғаным бар» деп қазақтың намысына тиетін сөз айтқаны туралы жазған болатынбыз. Бүгін Құрылтайдың ашылуы алдында Мамашев оралмандар мәселесіне қатысты тілшінің сауалына «Басымды қатырмашы-ей« деп жауап беріп, дөрекілік көрсеткен болатын.    Ақын Қазыбек Исаның «ҚҰРЫЛТАЙ МЕМЛЕКЕТТІКІ МЕ, МАМАШЕВТЫҢ МЕНШІГІ МЕ? «Оралмандарды ұрып қойғаны бар», қазақтың жағдайына «бас қатырмайтындар» Қауымдастықты қалай басқарады?» атты мақаласында өзекті  мәселені тікесінен қойған болатын.

Қашанғыдай Қазақтың үні бола білген «Қазақ үні» ұлттық порталының сыны ескеріліп, ақыры Талғат Мамашев қызметінен босатылды. Қазақтың үні далада қалмайтынын, Елбасыға да жете алатынына көзіміз жетті. Елбасының «Рухани жаңғыруы» Қауымдастықта осылай басталды.

Жаңадан тағайындалған Қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары, белгілі саясаткер  Зауытбек Қауысбекұлының жұмысына сәттілік тілей отырып, әрбір қандастың қамы үшін талмай еңбек етеді деп сенеміз.

qazaquni.kz

82 ПІКІРЛЕР

  1. Бала кезімізде,Масай деген көршіні,жер қабылдамай,бірнеше рет,шығарып тастапты деп еститінбіз,нендей қылмыс жасағанын білмедік.

  2. Турысбеков ішкі істер министрі болганда тағы ушін қалтырап полиция кызметкердеріне еш жақсылық жамамаган еді, сол еңбек акысын алып сен тимесен мен тимен деп отыратын агаларыннын бірі

  3. Тексіз неме.мойнына қамыт кигізіп,зынданда ұстағандай,13-жыл бойына,басымды қатырмашы,ұрғаным барма дейтіндей не жамандық,қасірет көріпті қазақтан,кіжініп,қоқаңдайтындай.

  4. Халықтың қамын емес қалтаның қамын ойласаң тез өсесің,25 жылдан бері солай болып келе жатыр,және оқымай ақ үиреніп аласың,

  5. аэропорт каланын памятьник т.б аттарын елбасыга беремиз дегенде жарысып бир биримен устилерине шыгып не бир еситпеген улы создери аитып отип кеткен улкен тулгаларды елбасы касында копеика кып тастап зуылдаткандарын коргенде ишин каинап отырадыда буларда адамау не деген жагымпаздык халыктан уялмасада ана келин куда жекжаттарынан уиалса боларма едима.

  6. Айтпа деймін,қазақ үшін аталы сөз айтар тұста,тышқаншылап,соқыр,мылқау,дым білмес,түк көрмес,ештеңе естімес қараң боп қалады.ондай тұлға,қайраткер,депутат,міністр,әкім,сот,пркорор,тағы кімдер,бастарын құмға тығып,жоқ болып кетеді де,а,естімедім,білмедім деп шыға келеді.

  7. Несіне таң қаласыз, мелшиіп отырғандар былқ етпей әрі қарай отыра береді сол жерде, бастары да ауырмайды ҚАЗАҚ ҮШІН, қарапайым ҚАЗАҚ жер үшін бас көтергенде сол депутат пен сенаторлар журналистерге бір ауыз сөз айтуға да жарамады……………………

  8. Нервный ма,психпа,екі сөзге келмей,боқтай жөнелетін…
    Осындай ауыштар басқарса,жетісетініміз шамалы.

  9. Өзіміз көріп жүрген сценарий бойынша, ол енді ҚАЗАҚ ЕЛІ сайламаған 70-80-90 жастағылардың қатарын көбейтіп, әрі қарай басын қатырмай депутат немесе сенатор болса – осы ойымнан өзім де шошыдым, дегенмен ҚАЗАҚ ҮНІНЕ МЫҢ АЛҒЫС. Билік ҚАЗАҚ ҮНІН ашады, оқиды, ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТЫНЫҢ ықпалымен олар да ҚАЗАҚҚА бет бұрар деген үміттеміз.

  10. Мен өмірден түңілетіндей адам емеспін.
    Құдайға шүкір, жеке басымның ешқандай проблемасы жоқ.
    Мен тек, ағайын-туыс, халқым, қазағым үшін, олардың болашағы үшін, сол халқыма жасап жатқан қиянаттары мен іс-әрекеттері үшін қазіргі биліктен түңіліп жүрген адаммын.
    Қазіргі шәйтан биліктен бір грамм үмітім жоқ.
    Өйткені, олар туралы өте көп білемін.

  11. Мен өмірден түңілетіндей адам емеспін.
    Құдайға шүкір, жеке басымның ешқандай проблемасы жоқ.
    Мен тек, ағайын-туыс, халқым, қазағым үшін, олардың болашағы үшін, сол халқыма жасап жатқан қиянаттары мен іс-әрекеттері үшін қазіргі биліктен түңіліп жүрген адаммын.
    Қазіргі шәйтан биліктен бір грамм үмітім жоқ.
    Өйткені, олар туралы өте көп білемін.

  12. Арда ! Дұрыс айтасың , бұл да жарытпайды, өнкей ұлы жүздерді қойып жатыр. Басшылардың бәрі ұлы жүздер- ПР, Пр.министр, Пред.Сенат. тағы сол сияқты, қалған жүздерге орын жоқ..

  13. Алғыс шексіз, Қазеке бауырым, сізге, мамашевтың масқарасын әрдайым шығарып отырғандарыңызға! Зауытбекпен қазақ саны құйылар елімізге деген үміт пайда болды енді.

  14. Қауымдастықта отырған өздеріңізге таныс мамандар түгелімен құрымай, дұрыс бола қоймас. Зауытбек біреу, қол астындағы мамандары дұрыс болса бәрі жақсы, болмаса ше, ертең бұл да сол Мамашевтің көлеңкесі болып шыға келеді.

  15. Ассалаумағалейкұм! Қазыбек аға, сіздей жанашыр ағалар көп болсын – Қазаққа!!! Ұлт үшін жасай беріңіздер! Сіздер үшін тілекшіміз! Мемлекетімізге жанашыр алып тұлғалар көп болып тез өсіп өркендей берейік!

  16. Высоко не прыгай,низко сядешь!-болып кеткен бе? Мамашев? Тəубе! Ұлттың үнін жеткізген құрдасым Қазыбекке мың алғыс!!!!

  17. Малғұндарға ит өмір деймізде.
    Қазақты ұрмайды ,алайда,нанын жейді,қазақ басын қатырады,бірақ орында бақандай он бәленбай жыл басы қатпай-ақ жабысып отырды,бүгінге шекті.

  18. ҚАЛАМГЕРДІҢ ЖАЗҒАНЫН ОҚЫП, МАМАШЕВҚА ҚАНЫМ ҚАЙНАП ОТЫР. ОНЫҢ ҚАЛДАРБЕК НАЙМАНБАЕВҚА ЖАСАҒАН ҚИЯНАТЫН ЕНДІ ЗАУЫТБЕК ТҰРЫСБЕКОВ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУІ ТИІС.

  19. Шымкенттегі «Асар» қалашығын салып, Өзбекстандағы бар қазақты көшіріп алып келген кәсіпкер Ибадулла Қалыбеков кезінде Тұрысбековтың ұйымдастыруымен Өзбекстандағы Нұратадағы Әйтеке би кесенесін салуға үлкен үлес қосқан азамат. Қазақтар Қауымдастығында да қазақтың қамы үшін Тұрысбековпен тағы да тізе қосып істейді деп үміттенеміз.

  20. «Кезінде, қазақтың көрнекті жазушысы Қалдарбек Найманбаев осы қауымдастықты басқарғанда алғыс айтқандар көп еді, енді қарғыс айтқандар көп боп тұр. Қалдекең ол кезде Жазушылар одағын қатар басқарып отырған шағы. Екі қызметті қатар алып жүріп-ақ, Қауымдастықтың қазығын қақты, аяғынан тік тұрғызды, талай шаруаны тастай етіп тындырды.» Махамбет бауырым дұрыс айтады. Кезінде Қалдарбек ағамыз үйіндегі жеңгейдің алтын жүзіктеріне дейін сатып, қаржы құйып салғызған Қауымдастық ғимаратын Мамашев майшелпек етіп отыр. тіпті Қалдарбек Найманбаев отбасына қалған жалғыз кабинетті де тартып алғанын белгілі ағаларымыз айтып, ашуланып жүргенін талай есіткенбіз.

  21. Дүниежүзі қазақтары құрылтайында Мамашевтың орнына Шымкенттегі «Асар» қалашығын салып, Өзбекстандағы бар қазақты көшіріп алып келген кәсіпкер Ибадулла Қалыбековты сайлау керек еді. Ол Өзбекстанда вице-премьерге дейін көтерілген өте іскер, білімді де білікті, ұлтшыл қайраткер!

  22. «Қазақ үні» газеті мен сайты, сіздерге рахмет, мына пәледен құтқарғандарыңыз үшін! Жарайсың, ақын Қазыбек Иса! Қазақтың сөзін сөйлей бер осылай!

  23. Тек жибермей жазаға тарту керек,болмаса Ерболат Досаев секилди басқа бир майлы жиликтиң басын кемирип отырар. Дөрекилер мен депломы бар басы истемейтиндердиң бәрин түрмеге жабу керек. Сонда заңга бағынады бундай бетке шабарлар.

  24. Басымды катырмашы деп журген адамнан не жаксылык кутесын! Дурыс болган екен! Демалысын!

  25. Ол кісіні Қазақстанның Ресейдегі Елшісі болып қызмет жасаған кезінен білемін.Өте қарапайым, өте сауатты , сөзге шешен азамат!

  26. Істемейтін бастың қатпағаны дұрыс…. Өзін бетін аямаған кісі бетін шиедей қылады демекші ….Қазақты сыйламаған адам, Қазаққа жаны ашымаған алыс жүргені дұрыс ….

  27. Ай Зауытбегіңді білмеймін,әй қайдам. Бұл жерге негізі ҚАЗАҚтың иісі аңқып тұрған адам керек еді

  28. Айтуыңыз дұрыс,бірақ…
    Ақпа құлаққа айтсаң,ағып кетеді,
    Құйма құлаққа айтсаң,құйып алады.
    Жетесізге айтқан сөз-дегенде бар…

  29. Қазақ үні алға!Елің үшін жерің үшін аянбай еңбектеніп жүргендеріңді ұлтың біледі және бағалайды деп білем.Ал енді арамыздағы көңілге кірбің түсүретін шалағай шалт еткен,ләп етіп айтылған сөздердің ұятын.айтқан адамның өзіне Қалтырайық.Қазақ атам айтқан екен «Ит үреді керуен көшеді»деп ылайым көшіміз көлікті еліміз ұлтымыз басқа xалықтармен бәсекеге төтеп бере алатындай болсын.Алға Ұлы дала xалқым!!

  30. жок болмаиды бундай иттерге каражат шыгарып аурешилик керек емес жаксы ит олигин корсетпеиди дегендеи бул итте кулак естимеитин жерге ози барып жатканы дурыс болар кулагыда тыныш болады .ал зауытбекке келсек ана кытаидын кирип кеп жаткан 51 зауытындаи оралмандардыда зауыт зауытмен кабылдаса нурзауыт болар еди.

  31. Өте орынды шешім! Қазақтың үні, қаймана xалықтың қалауын тауып, дер кезінде шықғаны мықтылық!!! Сәттілік!

  32. Ұяты болса өзі кетуі керек ғой.Өз қандастарын айбаттаған,намыстырына тиетін ауыр сөз айтқан адамның орыны негізі темір тор болуы керек ғой.

  33. Дегенмен, шырылдап, қазақтың жыртысын жыртып жүрген «Қазақ үнінің» Батырларына мың да бір рахмет.
    Алла олардың өркендерін өсірсін!

  34. Зауытбек аға орынтағыңыз құтты болсын. Қай істе де іскер екеніңізді халық та Елбасы да біледі. Қазақ ұлтын бір арнаға тоғыстыру жолында аянбай еңбек ете беруіңізге тілектеспін.

  35. Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгере ме?
    Мәселенің бәрі бір «құмалақта» тұрғанын қазақ қалай ұқпайды?

  36. «Қазақ үні» жасасын! Унин ошпесин казак! Мамашев секилди малгундар орын босатып, кете бериндер.

  37. Мұрат, Мамашевқа өзіне бөлек понтион жасасақ қалай қарайсың?!
    Қазаққа қарсы жұмыс жасайтындарға бөлек понтион жасап, оларға құран оқылмасын.

  38. бул тексизди оралмандарды урганым барма дегени ушин казах кеширмеу керек понтыонданда орын берилмесин.

  39. Т.Мамашев орындай алмаған тапсырмаларын З.Тұрысбековтен Елбасы сенім артқандай бізде – халық үміттенеміз. Ал кезекті жақсылыққа септігі тиген «Қазақ үні» тек алға!

  40. ҚҰРЫЛТАЙ МЕМЛЕКЕТТІКІ ЕКЕН! Қашанғыдай Қазақтың үні бола білген «Қазақ үні» ұлттық порталының сыны ескеріліп, ақыры Талғат Мамашев қызметінен босатылды. Қазақтың үні далада қалмайтынын, Елбасыға да жете алатынына көзіміз жетті. Елбасының «Рухани жаңғыруы» Қауымдастықта осылай басталды

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз