ҚР Бас прокуратурасы Жамалиевтің жаза мерзімінің қысқаруына байланысты жауап берді
2017 ж. 23 маусым
1948
0
23 мамыр күні Жоғарғы сот Жамалиевке байланысты шығарылған сот шешімін өзгертті. Қылмыс жазасы 2 есеге қысқарды. Осыған байланысты қоғам мүшелерінде түрлі сауалдар көбейіп кетті. Бұл сауалдарға ҚР Бас прокуратурасы бас прокурорының көмекшісі Думан Қожахметов жауап берді деп мәлімдейді Қамшы ақпараттық агенттігі.
Бас прокурор көмекшісі ауыр қылмыс жасап, 13 жылға бас бостандығынан айырылған кәсіпкердің ісі қайта қаралғанын мәлімдеді. Нәтижесінде дәл осы бап ережесі бойынша 10-7 жылға қысқарту мәселесі талқыланып, 7 жылға қысқартылды. Сотталушылар А. Әбілтаев және А. Прибытковтың жазалау мерзімі де дәл осы ереже бойынша 8 жылдан 5 жылға қысқартылды.
«Сот процессі кезінде басқа шешімдер өзгеріссіз қалды. Анығына келгенде, Қ. Жамалиевтің қорғаушысы жазаланушының жазасын жеңілдету туралы өтініш жазды. Көріп тұрғандарыңыздай, ешкім ақталып шыққан жоқ» - деп жауап берді Қожахметов.
Ол одан әрі бұл қылмыстың неліктен ауыр болып саналғанына түсініктеме береді. Нәтижесінде Бас прокурор Жамалиевтің ісін өзгеріссіз қалдырып, істі жабу туралы үкім шығарды және бұл мәселе бойынша күдік келтірмеу керектігін ескертті.
46 жастағы кәсіпкер Қайрат Жұмалиев Әліби Жұмағұловты жәбірлегені үшін қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша 13 жылға сотталған болатын.