Жүйрік ой - 2-тур

"Жүйрік ойдың" өткен жолғы сұрақтарына дұрыс жауабын тапқан оқырмандарымыз Қаламқас Темірбай мен Нұрымбет Қалжековты шын жүректен құттықтаймыз. Ойларыңыз жүйрік болсын деген тілекпен редакция ұжымы. Жеңімпаздарымызды ұялы телефонның 500 бірлігімен марапаттаймыз. Келесі сұрақтар: 1. Одесса қаласында актер Митрафановтың қабірінде төмендегідей сөздер жазылған екен «Талай рет мұны ойнауыма тура келді, бірақ бұл рөлді ешқашан қазіргідегідей шебер ойнаған емеспін. » Сұрақ. Қандай рөлді? 2. Ежелгі Грецияда мұны істеген әйелді "ерінің көзіне шөп салғанын өзі дәлелдеді" деп есептеген. Ал біз қазір бұл үшін бөтен еркектің керек емес екенін, әйеліміздің шөп салмағандығын анық білеміз. Сұрақ: Бұл не нәрсе? 3. Араб елдері ауа райы өте ыстық елдерге жатады. Көп жағдайда еркектер сол үшін ақ ұзын киімдер киеді. Ал араб әйелдері болса күннің ыстығына қарамастан қара киімдер киеді екен. Сұрақ. Арабтардың түсінігінше әйелдер неге қара киім киеді.