Сонда Қазақстан Халқы Ассамблеясына төленген салық төлеушінің ақшасы ақталған болар еді...
Бір орысқұл бейшаралар Қайрат Нұртас орысша сөйлей алмай қалды деп жыртыңдаған көрінеді... дұрыс сөйлеп тұрса да...
Мектеп бітірген соң, ЖОО бұйырмай, сонау Өзбекстандағы Мырзашөлге барып, совхоз-техникумге түскенбіз.
Тобымызда 31 бала болды...
Бір орыс, бір татар бар, бір өзбек, қалғаны өзім секілді май топырақ кешіп өскен қарадомалақтар... Өзбекстан атанғанымен, әлгі өзбектің өзі қазақ болып кеткен өзбек бала..
Орысша білмейміз..
Политэкономия пәнінен жөйіт шал берді. Лекцияны жаздыра береді, жаздыра береді.. Онысы орысша.. Түсінбесек те жазамыз..
Есімізді білгеннен ауылда жыл сайын көктемде жөйітпен қорқытатын. "Балаларды ұрлап әкетіп, бордақылап, әлдебір мерекелері болғанда кең бөлмеге кірігізіп, еденге ұн шашып, ортаға баланы алып өздері қоршап тұрып бігізбен сұққылап өлтіреді екен. Артынан едендегі қанға шыланған ұннан қамыр илеп тамақ жасайды екен" - деген әңгіме есімде.. Әлгі шал қалжыңбастау, жүзі жылы.... Бірдеңелерді айтып, өзі тырқылдап күліп алатын. Сонда да іштей сескеніп отыратынмын.
Неге екенін білмеймін, әлгі шалдың лекциясында "Осуществляется" деген сөзді жиі айтатын.
Соны айтқан кезде әлгі 29 бала тырқылдап күле бастаймыз. Ол сөздің түбірі бізге кәдімгі "бл*д" деген сөз деп ойлайтын болдық. Мағынасын сұрауға тіліміз құрғыр жетпейді..
1982 жылдан қазақ-орыс-орманы аралас ұжымдарда жұмыс істеп келемін.
"Ударениеңізді" әлі шатастырамын... Оған қысыла қоймаймын... "Произношениемнен" қате тапқан адам "ударениені" керек жеріне ойша өзі қойып алсын.
Қайрат, сен де қысылма!
Қазақстандағы әрбір орыс пен орысқұл екеуміз орысша сөйлегендей қазақша сөйлесе, Қазақстан Халқы Ассамблеясы деген ұйымға төленген салық төлеушінің ақшасы ақталған болар еді...
Фейсбук парақшасы