ЭКСПОның лауазымды басшысы көрмеге ПАМПЕРС киіп келу керектігін айтты
2017 ж. 08 маусым
3186
1
"ЭКСПО көрмесіне памперс киіп келу керек!". Бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов мәлімдеді, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.
Әлеуметтік желіде Карла Нур лақап атымен танымал блогер маусымның 9-ы күні ЭКСПОның ашылуын фотоға түсіретінін, шараның 8:00-де басталып, 23:00-де аяқталатыны туралы жазған. Өз постында ол көрме өтетін аумақта қоғамдық әжетханалар мен тамақтану орындарының жоқтығын сөз етті. Регламент бойынша көрме ауғынан да шығуға тыйым салынатын секілді.
Фотограф осы мәселені Сергей Куяновқа жеткізіпті. Алайда, ЭКСПОның белді басшысы бұл сұраққа жөнді жауап бере алмай, "Көрмеге ПАМПЕРС киіп келіңдер" деп жауап берді.