Джеки Чан келді деп Астанада қытайша жазуларды қаптатып жіберді
2017 ж. 07 маусым
3412
18
Астанаға әлемнің белгілі кино жұлдызы Джеки Чан келді. Құрметті қонақты Елорданың әкімі Әсет Исекешов пен "Қазақстан" ұлттық арнасының директоры Ерлан Карин мырзалар күтіп алды.
Актер Қазақстандағы Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанатына қатысу үшін келген. Тіпті, кей азаматтар актердің ЭКСПО көрмесін көруге келгенін айтып жатыр.
Біз ел естіген ақпараттарды қайталап жатпай Астанадағы бір келеңсіз жайтты ғана тілге тиек етуді жөн санап отырмыз. Джеки Чан келгені сол еді, Астанадағы Қабанбай батыр көшесі мынандай жазуларға толып кетті.
Бұл жерде не жазылып тұр? Қазақтың мемлекеттік тілі тұрғанда тәуелсіз елдің даңғылының бойында қытай жазуы не қылып адасып жүр? Әсет Исекешов мырза ЭКСПО-ға бір ханзу актері келді екен деп, Астана қаласының көшесін қытай жазуына толтырып жіберді. Өзге қонақтарды қайтіп қарсы алмақ? Біреулер мұны "Қытай киносы фестивалінің құрметіне ілінген баннерлер деуі мүмкін". Қытай киносы фестивалі Бейжіңде емес, Астанада өтіп жатқан жоқ па?
Бәлкім, Исекешов ЭКСПО-ға келген жүздеген ұлттың тіліндегі баннерлерді Астана көшелеріне ілетін шығар.
Осындай жалпақшешейлік бізді құрдымға жібере ме деп қорқамын!
Шәріпхан Қайсар
Abai.kz