«АҚ ЖОЛ»: БЖЗҚ ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТЫН ҚАЙТА ҚАРАу керек
2017 ж. 04 маусым
1950
0
«Ақ жол» қаражатын Әзірбайжан банкіне инвестициялауға шешім қабылдаған БЖЗҚ-ның лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту және қордың инвестициялық саясатын қайта қарастыруды талап етеді - бұл жөнінде Азат Перуашев Мәжілістің пленарлық отырысында мәлімдеді. Фракцияның депутаттық сауалының толық мәтіні төменде берілген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевке
Құрметті Данияр Талғатұлы! «Ақ жол» партиясына 2014 жылдың күзінде БЖЗҚ-ның қаражатына Халықаралық Әзірбайжан Банкінің облигацияларын 78,6 млрд.теңге көлемінде негізсіз сатып алу деректерін анықтағанын тәуелсіз сарапшы Рахым Ошақбаев хабарласып айтты. Біздің фракция «Казинвестбанк» лицензиясынан айырылғаннан соң, 3 млрд.теңге көлемінде БЖЗҚ қаражатына қатер төнген соң да жүгінгенімізді еске сала кету керек деп есептейміз. Шамамен сол уақытта БЖЗҚ басшылығымен KASE-де күмәнді эмитенттен 5 млрд.теңгеге жуық бағалы қағаздарды сатып алу дерегі анықталған-ды. Бұл мысалдардың барлығы азаматтардың зейнетақы жинақтарын қолданудағы сорақы салғырттық пен жауапсыздықты көрсетеді. Бұл жерде «Ақ жол» фракциясының БЖЗҚ қаражатын өзіміздің экономикамызға инвестициялау туралы сауалына Ұлттық банктің басты мақсаты инвестициялау емес, сеніп тапсырылған жинақтардың сақталуын қамтамасыз ету деп жауап бергенін қалай еске түсірмейсіз. Енді міне көз жеткізіп отырғанымыздай өздерінің бұрынғы мәлімдемелеріне қарамастан, БЖЗҚ зейнетақы қаржаттарын белсенді түрде жағдайлары сенім білдірмейтін қаржы институттарына салатыны анықталды. Мысалы, сол 2014 жылы, БЖЗҚ Халықаралық Әзірбайжан банкіне инвестицияланған кезде, Халық банкі басшылығы керісінше, оның жағдайын сенімсіз деп бағалап, өздерінің қаражаттарын шығарып алды. Неге БЖЗҚ тікелей қарама-қарсы шешім қабылдайды? Бұл БЖЗҚ басшылығының төмен біліктілігінен немесе басқа да бір қызығушылықтарынан туындады ма? Оның үстіне, бүгінгі күні БЖЗҚ жүздеген миллиард теңгені жағымсыз болжаммен төмен рейтингке ие басқа банктердің депозиттері мен бағалы қағаздарында ұстауды жалғастыруда. Бір ғажабы, дәл осындай институттарда отандық банк жүйесіне бөлінген БЖЗҚ қаражаттарының көп бөлігі сақтаулы екен. Мысалы, 2016 жылдың жағдайы бойынша ең төменгі рейтингті (В-) банк депозиттерінде – 161 млрд.теңге, ал ең жоғары рейтингтерде (ВВ) – 79 млрд.тг., сақтаулы екен, яғни екі есе аз деген сөз. Ешқандай рейтингке ие емес банктердің бағалы қағаздарында 61 млрд.теңге, ал ең жоғары рейтінгінгтерде (ААА) – тек 983 млн.тг сақтаулы, яғни 65 есе аз. Басқаша айтқанда, БЖЗҚ сенімді қаржы институттарынан гөрі жағымсыз, келешегі бұлдыр мекемелерге салымшылардың ақшасын 2 ден 65 есе артық сеніп тапсырады. Нақты экономиканы қолдамайтын және зейнетақы жинақтарын тәуекелге қоятын бұл не деген инвестициялық саясат? Және мәселе аталған Әзірбайжан банкінде ғана емес, тіпті ол, бейресми БАҚ хабарлағандай, БЖЗҚ салымдарын қайтаруға ниетті болса да, күмән туғызады. Мәселе, біздің азаматтардың зейнетақы жинақтарын «желге» ұшыру және талан-таражға салу үрдісінде болып отыр. Жеке бизнесте инвестицияны осылай басқарғаны үшін кез-келген меншік иесі ондай менеджерді бірден әдейі банкроттық жағдайға жеткізгені үшін жауапкершіліке тартыратынын сеніммен айта аламын. Бұрын, «Ақ жол» ҚДП БЖЗҚ қызметін бақылауды күшейту мәселесін, сонымен бірге қабылданатын шешімдер үшін басшыларды жауапкершілікке тарттыру туралы бірнеше рет көтерген. Тек соңғы жыл ішіндегі таңдап алынған инвестициялық саясаттан БЖЗҚ-ына тікелей зиян келген бұл үшінші оқиға. Салымшылардың мүдделерін жүйелі түрде елемеу және басқарудың толық біліксіздігі анық көрініп тұр. Осыған орай «Ақ жол» ҚДП фракциясы: 1) Аталған банкке қаражатты инвестициялауға шешім қабылдаған БЖЗҚ лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тартуды. 2) БЖЗҚ инвестициялық саясатының мүмкін, тәуекелділіктерінің критерийлерін халықаралық рейтинг агенттіктерінің төмен рейтінгісі мен жағымсыз болжамдарға ие қаржы институттарының бағалы қағаздарын сатып алу және депозиттерінде орналастыруды тікелей тыйым салуды қайта қарауды. 3) Бюджет пен инвестициялық саясатты бекіту, сондай-ақ олардың орындалуы туралы БЖЗҚ және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының есептерін – Парламент қарап бекітетін республикалық бюджетке арнайы бөліммен енгізуді. 4) БЖЗҚ қазіргі инвестициялық портфелінің барлығына тексеріс және оларды төмен рейтингтері мен жағымсыз болжамдары бар қаржы институттарының депозиттері мен бағалы қағаздарына тазалау жүргізуді. 5) БЖЗҚ және ФОСМС қаражаттарын Ұлттық экономиканың басым секторларына тікелей инвестициялау туралы мәселесіне қайта оралуды. 6) Салымшыларға операторлардың тиімділігі мен ашықтығына қарай инвестициялық саясат пен құралдарды таңдауына мүмкіндік беретін зейнетақы жинақтары жүйесіне бәсекелестік бастауды қайтаруды ұсынады. Құрметпен, «Ақ жол» фракциясы депутаттары qazaquni.kz