ҰЛТТЫҚ ПАНТЕОНҒА КІМДЕР ЖЕРЛЕНЕДІ?
2017 ж. 01 маусым
3998
16
Қазақстан Үкіметінің 2017 жылдың 29 мамырдағы Жарлығымен Ұлттық пантеон туралы Ереже бекітілді. Бұл туралы zakon.kz-ке сілтеме жасап "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.
Ережеге сәйкес пантеонға келесі санаттағы қайтыс болған тұлғалар жерленеді:
- Қазақстан президенттері мен олардың отбасы мүшелері;
- Қазақстанның премьер-министрлері мен оның орынбасарлары, парламент палатасының төрағалары мен олардың орынбасарлары, мемлекеттік хатшылар, президент әкімшілігі басшылары, конституциялық кеңес, Ұлттық банк пен Жоғарғы сот төрағалары;
- министрлер, президентке тікелей бағынатын мемлекеттік орган басшылары, облыс әкімдері, республикалық маңызға ие қала әкімдері, астана әкімдері;
- «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленгендер;
- «Алтын Қыран», «Отан», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев», үш дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерінің иегерлері;
- «Кеңес Одағының батыры», «Социалистік еңбек ері» атағының иегерлері;
- «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағын иеленгендер;
- президенттің шешімімен мақұлданған басқа да тұлғалар;
- Пантеонға жерленгендердің жанына кейін қайтыс болған жары да жерлене алады.