ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА 20 ТҮП АҒАШ ЕГІЛДІ

немесе НАҒЫЗ ЖІГІТТЕР ҚАТАРЫ КӨБЕЙДІ Бабаларымыз айтқандай «нағыз жігіт бала өсіреді, үй салады, ағаш егеді» демекші 30 сәуір күні қаламыздағы ерікті жастар жиналып Арай саябағында тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы құрметіне 20 түп ағаш еттік. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығының көктемі қайта келмейтінін ескеріп тарихи, сауапты істен құр қалмауға келгендер Бақытбек Смағұл, Берік Уәли, Алтынбек Әбіш, Максим Рожин, Төлен Тілеубай, Бүркіт Нұрасыл, Ерболат Қамен, Әли Қалиқан, Нұрбол Байымбет, Есенгелді Әкімұлы, Фазылбек Әбсаттарұлы, т.б. барлығы бірауыздан биылдан бастап ағаш егуді ерікті түрде әдетке айналдыруға уағдаласты. Ағаш егіп болған соң бәріміздің үстімізден ауыр жүк түскендей жеңілдеп қалдық. Бәрінің қуанышында шек жоқ. Әркім өздерінің қуанышты жаңалықтарымен, бизнес идеяларымен бөлісіп «әрбір қазақ бай болу керек» дегенге тоқталдық. Осындай сауабы мол ісімізді жалғастыру мақсатында жақын өңірдегі табиғатты тазалап, табиғатта демалудың жаңа үлгісін көрсету жиналатын болып тарқастық.