Қазақстандықтар Астана күніне орай неше күн демалады?

2017 жылы қазақстандықтар Астана күні мерекесіне орай төрт күн демалады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Еліміздің бас қаласының туған күні – 6 шілдеді. Билік шешіміне сәйкес, Демалыс күні сенбіден (1 шілде) жұмаға дейін созылады. Ары қарай 8-9 шілде сенбі-жексенбі күндері демалыс болады. Осылайша, қазақстандықтар 6-9 күндері демалады. 2017 жылы Астана қаласы 19 жасқа толады.

Естеріңізге сала кетсек, 1997 жылдың 20 қазанында еліміздің астанасы Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілген болатын. Мұндай шешімді 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Жоғарғы кеңесі қабылдаған болатын.