МИНИСТРЛІК ЕЛБАСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАУҒА АСЫҒАР ЕМЕС
2017 ж. 02 мамыр
1514
0
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті «ҚазАқпараттың» ресми сауалына орай ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолованың дәріханалардағы дәрі бағасының қымбаттығына қатысты сынына жауап берді.
«Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бүкіл дәрілердің бағасын реттеу үшін фармацевтика қоғамдастығының өкілдерімен бірге барлық дәрілік заттардың шекті бағасын қалыптастыру әдістемесін талқылау жұмысын жүргізуде. Министрлік барлық дәрілік заттардың бағасын реттеуге байланысты өзінің құзіреті шегінде «Халық денсаулығы және денсаулық жүйесі туралы» ҚР Кодексі мен Кәсіпкерлік кодексіне сәйкесінше өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруда. Нормативтік-құқықтық база әзірленіп, қабылданғаннан кейін барлық дәрілік заттардың бағасын реттеу жүзеге асырылатын болады», – деді министрліктен «ҚазАқпаратқа».
Елбасының арнайы тапсырмасы берілгелі біраз уақыт өтсе де министрлік бұл салаға әлі де тәртіп орната алмай отыр. Түрлі комиссиялар құрумен тағы да талай уақыт өтетін түрі бар. Ал, есепте тұрған мүгедек науқастар өздеріне тиесілі дәрілеріне қол жеткізе алмай қор болуда.
qazaquni.kz