Астанада 15-қабаттан секірген қыздың анасы: Қызым ылғи бір музыка еститін
2017 ж. 05 мамыр
4397
0
Астанада "Новый мир" тұрғын үй кешенінің 15-ші қабатынан құлаған қыздың анасы Елена Спирина қайғылы оқиғанын қалай болғанын айтып берді.
Бұл туралы Today.kz-ке сілтеме жасап "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.
Анасының айтуынша оны реанимацияға баласының жанына кіргізбей жатыр. УЗИ нәтижесі нде бойжеткеннің ішкі мүшелеріне зақым келмегені анықталыпты. Сондай-ақ, ауыр жарақаттар салдарынан бойжеткен көп қан жоғалтып, омыртқасы сынған.
"Қызым ылғи бір ән естіліп тұрады деп айтатын. Сабақта отырғанда да мұғалім рэп оқып тұрғандай боп елестейді дейтін. Бұл, мүмкін, интернет пен әлеуметтік желінің әсері шығар. Мен оған психологқа бару керектігін айтқан едім", - дейді Спирина.
Елена Спиринаның айтуынша, полиция оған қызының өлер алдындағы хат жазғанын мәлімдеген. Алайда, хатты оқып, танысуға рұқсат етпеді.