Ақтөбеде оқушының жыныс мүшесін сипаған ұстаздың соты басталды
2017 ж. 24 сәуір
6208
1
Ақтөбеде оқушының жыныс мүшесін сипаған мұғалімнің ісі сотта қаралып жатыр. Дене шынықтыру сабағының мұғалімі 3 сынып оқушысын шешіндіріп, қыздың ұятты жеріне қол жүгірткен.
Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Ұятты жағдай ағымдағы жылдың 15 ақпанында қаладағы №16 мектепте болған жағдай. Оқушы қыздың ата –анасы жағдайды естісімен, полицияға шағым түсірген болатын.Ертеңінде-ақ, күні қамауға алынды.
Белгілісі, 22 жастағы жігіт мектепте 2016 жылдың күзінен бері жұмыс істеп келген. Ол облыстық олимпиада резервін даярлау мектебін қызыл дипломмен бітірген. Күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 124 бабының 2 бөлігі бойынша айыпталуда.
Қылмысы дәлелденсе, оқушысына азғындық жасаған жігіт 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін. Бұған қоса ол белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан өмір бойына айрылады. Қазір қылмыстық іс кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі сотта жабық есік жағдайында қаралып жатыр.