Сауатсыздық латында емес, кириллицада - қазақша білмейтін әкімдер, министрлер, депутаттар сауатсыз емес пе?
2017 ж. 15 сәуір
7501
18
Кириллицадағы әдеби дүниелерді латынға аудару үшін кейбіреулер кері тартып жүргендей, 100 мың адам мен 100 жылдың керегі жоқ! Ол қазір демде атқарылатын теxникалық жұмыс. Мәселе -басып шығаруда. Латынға өту Руxани Тәуелсіздік алу! Ал Тәуелсіздік алу оңай, арзан болады, қиындығы жоқ деп кім айтты. Латынға қарсылар - Руxани Тәуелсіздікке қарсылар! Сауатсыздық бар елде, бар әліпбиде де болады. Өзбектің жеміс сатқан сауатсызымен емес, жемісті еңбек етіп, латын қарпінің арқасында технологияның жетістіктерн игеріп жүрген сауаттыларымен, олар толып жүр, сөйлесу керек. Қазір кириллицада сауатсыз қазақтар жоқ па? Қазақша атын жаза алмайтын, дұрыс сөйлей алмайтын қарапайым орыстілділерді айтпағанда, ел басқарып отырған министрлер, әкімдер, депутаттар, мемлекеттік қызметкерлердің, шекесі тар шенеуніктердің бәрі сауатсыз емес пе? Мемлекеттің мемлекеттік тілін білмейтіндерді сауатты деп кім айтты? Әлде сауаттылық деп бір кездегі қожайын елдің тілін - орыс тілін ғана білу деп, отарлық, құлдық санадағылар ғана ойлайды!
Қазыбек ИСА qazaquni.kz