Даниал Ахметов жәрмеңкедегі жалған бағалар үшін халықтан кешірім сұрады
2017 ж. 10 сәуір
2300
0
Даниал Ахметов ШҚО әлеуметтік жәрмеңкесінде болып қайтты және осы жәрмеңкеге жауапты тұлғаларды жазалайтынын хабарлады.
Аптаның демалыс күндері болатын жәрмеңкеге әкім бағаларды бақылаудан өткізу мақсатымен барған болатын. Шағымданушы зейнеткердің айтуы бойынша көрсетілген қағазда еттің килосы 1300 тг деп тұрғанымен, етті сатып алып жатсаңыз сатушылар оның килосы 1500, тіпті 1800 тг екенін айтады.
«Әлеуметтік жәрмеңкені халыққа тиімді баға болуы үшін ұйымдастырамыз. Халық айтса, расын айтады. Оларға өнімдер көрсетілген бағадан қымбат бағаға сатылады екен. Неге алдайды?
Шоу жасап, халықты алдаудың қажеті жоқ. Бұл үшін олар жазаланатын болады. Мен халқымнан кешірім сұраймын, өз қарамағымдағылармен тағы сөйлесемін. Әлеуметтік қолдау туралы еліміздің саясатының бұлай бұзылып жатуына жол бермеуіміз керек», - деді облыс әкімі.
Аталған жағдайды реттеуді аймақ әкімі өзінің орынбасары Дүйсенғазы Мусинге тапсырды.