Жарлықпен зиянды көп тілділікті жойып, Түрік тілінде ғана сөйлеген ел
2017 ж. 29 наурыз
5132
5
Түркі әлеміндегі ірі мемлекеттердің бірі – Түркия. Ол кезінде Осман империясы болып, 7 ғасыр бойы дәуірлеп келді. Түркия да көп ұлтты мемлекеттердің біріне жатады. Көп тілдің (Рим, Алмания, Франция, Византия, т.б.) әсері түрік тілінің ұлттық қасиетін, нақышын кетіре бастайды. Міне, сондықтан болу керек, 1277 жылы Қараман, Кониа уәлаяттарының әкімі Қараманоғлу Меһмет бей: «Бүгіннен бастап, үйде де, түзде де, аулада да, кеңседе де, мәжілісте де, сайранда да (жұрт) түрік тілінен басқа тілді қолданбасын!» деген жарлық шығарады және бұл жарлықты орындамағандарға қатал жаза қолданылады (дүре соғылады).
Міне осындай қатал шараның нәтижесінде түрік елінде біртұтас мемлекеттік түрік тілі қалыптасады. Содан бері, 700 жылдан астам уақыт бойы Қараман, Кониа, т.б. қалаларда мемлекеттік түрік тіліне бағышталған «Діл бәйрамы» атты жалпытүркиялық мейрам өткізіліп тұрады...
... Тіл байлығы тек сөз санымен ғана емес, сөздің сапасымен де, яғни мағына санымен де өлшенеді. Егер осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, қазақ тілі сөз қорының сапалық (мағыналық) байлығы 150 мың емес, 1 миллион мағыналық бірліктен (семантикалық единицадан) тұрады деп жобалай аламыз. Бұл – жер бетіндегі өркениетті елдердің (ағылшын, орыс, қытай, т.б.) тілдерімен шамалас көрсеткіш.