ҮКІМЕТ «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҰСЫНЫСЫН ҚОЛДАДЫ
2017 ж. 28 наурыз
2033
0
Ағымдағы жылдың 1-ақпанындағы Ерлан Барлыбаев мәлімдеген «Ақ жолдың» депутаттық сауалына жауап келіп түсті. «Ақ жол» партиясы фракциясы жолдаған депутаттық сауалдан соң Үкімет франшизаны төлеу шығындарын субсидиялау және халықаралық франчайзингті басымды бағыттардың қатарына қосу мәселелерін қарастыратын болды.
«Ақ жол» фракциясы өз сауалында үкіметке Президент Жолдауын жүзеге асыруда халықаралық франчайзингті шағын және орта бизнесті (ШОБ) өнімді өндіру мен өткізудің жаһандық жүйесіне қосылу құралы ретінде қолдауды ұсынғанын еске салайық. Сауалда «Президент 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайтуға қол жеткізуге тапсырма бергені» туралы атап өтілген. – Ол үшін Нұрсұлтан Әбішұлы, прагматик және реалист ретінде, «велосипед ойлап табуды емес», тауар өндіру мен өткізу, қызмет көрсету ісін жаһандық желіге бейімдеуді ұсынып отыр. Мұны, ең алдымен, трансұлттық компанияларды тарту арқылы жасаған жөн. Біздегі трансұлттық корпорациялардың көбі тек ірі бизнеске бағытталған, ал шағын және орта бизнеске де қолданыстағы халықаралық жүйелерге кіретін тәсілдемелер бар екені ескерілмейді.
Ең алдымен, алдыңғы қатарлы әлемдік компаниялар жергілікті кәсіпкерлерге өз технологиялары мен процестерін ұсыну арқылы оларды жаһандық сату жүйесіне қосуды франчайзингтің құралы ретінде қолдана отырып, сонымен қатар олардың технологияны сақтауы мен сапаға бақылау жүргізуімен бірге мемлекетті бақылау міндеттерінен босатады және жемқорлық деңгейін төмендетеді.
ШОБ-ты нығайту мен сату нарығын қамтамасыз етудегі франчайзингтің жоғары тиімділігін ескерсек, кейбір еуропалық елдерде әр саланың тек алдыңғы қатарлы халықаралық компаниялардың бекітілген тізіміне енген франшизаны колданатын жеке кәсіпорындарға ғана мемлекеттік қолдау көрсетеді. Нақты көшбасшылардың франшизалары айтарлықтай арзан болмайтынына қарамастан, сарапшылардың болжауынша, XXI ғасырда әлемдегі ШОБ-тің 50%-нан астамы франчайзинг жүйесімен жұмыс істейді.
Осыған орай, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы үкіметке мынадай ұсыныстармен шықты:
1) Халықаралық франчайзинг нарығын зерттей отырып, ең алдымен олардың франшизаларын Қазақстанға ендіру үшін Үкімет бизнеске ұсыныс жасау үшін өндірістік сектордың көшбасшы компанияларының тізімін қалыптастыру;
2) Трансұлттық корпорациялардың қатысуымен құрылған кәсіпорындарды қолдау амалдарына ұқсас, халықаралық франчайзинг құралдарын қолданатын шағын және орта бизнес кәсіпкерлері үшін де тиісті ынталандыруды қарастыру;
3) Бекітілген үкіметтік тізімнен халықаралық франшизаны төлеу бойынша кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау туралы мәселені қарау;
4) ҚР 2015-2019 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының басым бағыттарының ішіне халықаралық франчайзингті дамытуды қосу.
Жуырда келіп түскен Премьер-Министр Сағынтаевтың жауабында үкімет пен Дүниежүзілік банктің бірлесуімен ШОБ бәсекелестігін арттыру мақсатындағы жоба жүзеге асуда делінген. Бұл жұмыс аясында «Атамекен» ҰКП жанынан жеткізушілерді (трансұлттық компанияларға тауар мен қызметті) дамыту қызметін құру, жеткізушілерді дамыту бағдарламасын әзірлеу жоспарланып отыр.
«Халықаралық франчайзинг нарығын зерттеу және франчайзингті қолдануға ШОБ үшін ынталандырулар ендіру, франшизаны төлеумен байланысты шығындарын субсидиялау, 2015-2019 жылдарға арналған ИИДБ басым бағыттарының ішіне қосу мәселелері осы Бағдарлама шеңберінде қаралатын болады» деп Үкіметтің «Ақ жол» фракциясына жолдаған ресми жауабында атап өтілген.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасы іске асыру және қазақстандық бизнесті қолдау жұмысын жалғастырады.
«Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі