Сыртқы істер министрлігі қан жылаған қандастарға қол ұшын берсе…

0
949

Қытайдағы қандастар редакциямызға қоңырау шалып, Сыртқы істер министрлігінің құзырлығында жұмыс атқаратын Қытайдағы Қазақстан елшілігінің үстінен шағым айтты.
Атын айтқысы келмеген қан­дасымыздың мәліметі бойынша Қытайдағы Қазақстан елшілігінің Үрімжі қаласындағы Виза бөлімінде қазірге дейін 10 мыңға жақын қандасымыз виза кезегін күтіп, қазірге дейін олардың не бары 2500-і ғана тізімдікке ілігіпті. Ал қалтасы қалың өзге ұлт өкілдеріне еш тосқауыл жоқ көрінеді.
Осы даумен аталған консулдықтың қызметкерлері неше мәрте ауысса да жең ұшынан жалғасқан жемқорлық әлі де тиылмапты. Қазақстан тарапына өкпесі қара қазандай болған қандасымыз Атажұртқа жетеміз деп көз жастарының көл болғандығын айтып, мұңын шақты.
Біз қан жылаған қандастардың зарына Сыртқы істер министрлігінде отырған мырзалардың құлақ түруін қалап, қазақ қандылығына сынмен қарап отырмыз. Елім деп елеңдеп, халқым деп қанжылайтын ерлер осындайда қарап қалмаса екен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз