Әйгілі академик Сапарбаевтың Абайдың ескерткішін қалай қорғап қалғанын айтып берді
2017 ж. 27 наурыз
5122
2
Ақтөбеге ат басын тіреген академик Төрегелді Шарманов болашақ дәрігерлердің алдында Бердібек Сапарбаевтың Өскемен қаласында Абай ескерткішін қалай сақтап қалғаны жайлы баяндап берді, деп хабарлайды «Тілші».
[caption id="" align="alignleft" width="278"] Т. Шарманов[/caption]«Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында Абайдың ескерткішіне қатысты дау туындап жатты. Тіпті, ереуіл болып кете жаздады. Мұны көпшілік біле бермейді. «Құдайым Бердібекті абыройдан айырмаса екен» деп тілеп отыратынмын. Оның керемет батырлығының куәсі болдым. Бердібек Машбекұлы Пушкиннің орыстар үшін қандай маңызы бар болса, қазақтар үшін де ұлы Абайдың маңызды екенін түсіндіре білді», — деді Төрегелді Шарманов жиналған қауымның алдында.
Академиктің пайымынша, Ақтөбе облысының қазіргі басшысы ШҚО-да қызметте болғанда азамат екенін, азаматтық қасиетінің биік екенін көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысына әкім болып келген жылы Бердібек Сапарбаев Үндістандық елшіге Дели қаласында Абайға ескерткіш қою туралы уәдесін еске салған болатын.
[caption id="" align="alignright" width="175"] Б. Сапарбаев[/caption]«ШҚО әкімі болып тұрғанымда әйгілі Рабиндранат Тагорға Өскемен қаласында ескерткіш тұрғыздық. Сол уақытта сіздермен Абайға Үндістанда да ескерткіш қоятын болып келістік. Алайда, сіздер міндеттеріңізді әлі орындамадыңыздар», — деген болатын Бердібек Сапарбаев Үндістан елшісіне.
"Үндістан үкіметі бұл істі қолға алады. Оған арнайы жер қарастырылады. Рас, кедергілер болды. Бір қызығы, мен Абай атындағы көшеден 300 метр жерде тұрамын. Бұрын Абайдың кім екенін білмеуші едім, Қазақстанға келгелі тани бастадым", — деді сол кезде елші Харш Кумар Джайн.
2014 жылы Венгрияда да Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен Абай ескерткіші бой көтерді.
Марат Төлепберген