ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЕСЕБІНЕН БАСҚА ТІЛДЕРДІ ЕНГІЗУ ТОҚТАТЫЛСЫН! Ашық хат

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевқа

                             Көшірмесі: ҚР Премьер-Министрі Б.Ә. Сағынтаевқа

ҚР Сенатының Төрағасы Қ.К. Тоқаевқа

                     ҚР Мәжілісінің Төрағасы Н.З. Нығматуллинге

              Министрлерге, Барлық деңгейдегі әкімдерге,

 Парламент және мәслихат депутаттарына,

ректорларға, облыстық және қалалық (аудандық)

 оқу бөлімдеріне, мектептер мен бала-бақшалар

директорларына, Қазақстан азаматтарына!

А Ш Ы Қ  Х А Т

Мемлекеттік тіл үшін күрес – Қазақстанның болашағы үшін күрес!

Конституциядағы соңғы өзгерістер тұрақты дамитын ашық қоғамға көшудегі толыққанды реформаға айналу үшін, осы уақытқа дейін қабылданған адам құқығы мен сөз бостандығын шектеп, митингілерге тиым салатын қоғамның қауіпті ісігіне айналған тоталитарлық жүйенің заңдарынан арылу керек. Бұл мәселелерді шешу, елдің әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан диктаторлық режим» деген қара күйеден арылуы, қоғамның жан-жақты дамуына жол ашып, «Араб көктемі», Украина т.б. елдердегідей төңкерістерден аулақ қылады. Қазақстан 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанда, оған «авторитарлық режимдегі ұлттық мемлекет» деп анықтама берілген. Елбасының соңғы сұхбатында елдегі «қазақтың үлесі 70%-ға жетті» дегені (тәуелсіз эксперттердің деректері бойынша 2030 жылдары бұл көрсеткіш 90% құрайды) жоғарыдағы БҰҰ анықтамасындағы ұлттық мемлекетті этникалық және демографиялық тұрғыдан дәлелдегені. Ол, ішкі саясатта заман талабына сай түбегейлі өзгерістер жасауды қажет етеді. Оның ішінде:
  1. 2016 - 2019 жылға арналған білім бағдарламасы бойынша 10-11 сыныптарда физика, химия, биология, информатика пәндері ағылшын тілінде, дүниежүзі тарихы пәні орыс тілінде оқыту енген яғни бұл жерде басқа тілдерді енгізу қазақ тілі есебінен, оны қысқарту не жоюды көздеген;
  2. Қазақстан мектептерінде 1960-шы жылдарынан бері үш тілде оқытады. Ал, соңғы енгізген үш тілді үш жастан оқыту, - ол ғылым мен педагогика заңдылықтарын өрескел бұзып, қазақ тілі мен мемлекеттік институттарды дамытуға қарсы әрекет болуда.
Себебі, АҚШ, Жапония, Оңт. Корея, Қытай, Ресей т.б. алдыңғы қатарлы елдер мен Болонн процессіне кіретін Еуропаның 28, Азия мен Африканың 54 елінде ғылым мен техниканың дамуына тікелей әсер ететін физика, химия т.б. пәндері мен 8-9 жасқа дейінгі тілашар және барлық пәндер ана тілдерінде оқытылады. Ал, Қазақстандағы білім саласы басшыларының, мысалы, Қызылорда облыстық білім басқармасының бастығы Б. Сайлыбаев және сол сияқтылардың «Қазақ тілі білім мен ғылым тілі бола алмайтындықтан басқа тілдерде оқытамыз» дегенін Ауғандағы талибтердің тірлігімен салыстыруға болады;
  1. Жоғарыдағы бағдарламада 1940-шы соғыс жылдары халықтың рухы мен ұлттық сананы көтеру мақсатында құрылған «Қазақ әдебиеті» кафедралары, Қазақ тарихы мен Қазақстан тарихы мамандықтары жойылған;
  2. Мемлекеттік тіл үшін күрес – ол Қазақстанның болашағы үшін күрес екенін ұмытқан депутаттар мен шенеуніктердің Парламент, Үкімет жиналыстары мен шетелдегі ресми шараларды мемлекеттік тілде жүргізбеуден бастап, қала көшелеріндегі ұлы тұлғалардың суреттері мен ұрпаққа үлгі ұлағатты сөздерін жоқ қылуы, 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісінің аталып өтпеуі, көптеген ресми басылымдарда мемлекеттік ұстанымдардың болмауы т.б. қоғамды мәңгүрттендіруде.
Жоғарыдағыларды ескеріп, келесі мәселелерді шешуді талап етеміз: - Өркениетті қоғамға сай адам құқығы мен сөз бостандығын, митингілер мен т.б. шараларды заңды жолмен іске асыруды заңдастыруды қамтамасыз ету; - Қоғамдық ұйымдар, ғалымдар мен ұстаздардың қатысуымен Үкімет: а). білім мен ғылым мәселесін шешетін тұрақты Комиссия құру; ә). Үкімет қабылдаған «Қазтест» жобасын барлық мемлекеттік жүйеге енгізіп, оны меңгеретіндердің үлесін 2020 жылға дейін 95%-ға жеткізу, қазақ тілі арқылы қоғамды біріктіріп, адам капиталы мен мемлекеттік институттарды дамыту механизмдерін дайындау. Осы хатты аймақтар мен салалар бойынша тиісті әкімшіліктер мен министрліктер көрсетілген адрестерге жеткізеді деп сенеміз. Құрметпен, «Нұр Отан», «Ақ жол», «Азат», ЖСДП партиялары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазэнержи» қауымдастығы, «Атамекен» ҰҚП, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы, Қазақстан ғалымдар Одағы, Жазушылар одағы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, Қазақстанның қаржыгерлер, тәуелсіз кәсіпкерлер, ректорлар қауымдастығы т.б. қоғамдық ұйымдар құрған Қазақстан Альянсының Ұйымдастыру алқасы атынан: ҒАББАСОВ Совет-Хан - медицина және педагогика ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты; МЫРЗАХМЕТОВ Мекемтас – ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; ӘУЕЗОВ Мұрат –  М.О.Әуезов атындағы қордың Төрағасы, Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, ғалым; ЕЛЕУСІЗОВ Мэлс – Қазақстанның экологиялық Одағы мен кәсіпорындары «Табиғат» қауымдастығының Президенті; ӘКІМ Жанұзақ –ҚР Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары Академиясының корр.-мүшесі, Еуропа жаратылыстану ғылымдары Академиясының мүшесі; ТҰЯҚБАЙ Жармахан – ЖСДП Төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері; БАТТАЛОВА Зәуреш – «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» Қоғамдық қорының президенті, ЖСДП Президиум мүшесі; ТОҚАШБАЕВ Марат - «Президент және халық» газетінің Бас редакторы, ҚР ПҒА академигі, профессор;   Қазақстан ғалымдары, ақын-жазушылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері атынан:  ШАХАНОВ Мұқтар – ҚР Төтенше және өкілетті елшісі, «Түрік әлемінің» үздік ақыны, Қазақ Ұлттық кеңесінің Төрағасы; НҰРПЕЙСОВ Әбдіжәміл – жазушы,  ҚСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; ҚАЙДАРОВ Әбуғали - филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі; АЙТБАЕВ Өмірзақ - филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Төрағасы; ӨТЕЛБАЕВ Мұхтарбай - физика-математика ғылымдарының докторы,  профессор, ҚҰА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; ЕЛЕМЕСОВ Көпмағамбет – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик; ҚАБЫШҰЛЫ Ғаббас - жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі; РАҚЫШЕВ Баян – ҚР ғалымдар Одағының вице-президенті, ҚР ҰҒА академигі, ҚазҰТУ кафедра меңгерушісі; ЖҰМАДІЛОВ Қабдеш – Қазақстан халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; ИСАБЕКОВ Дулат - «Мәдениет» журналының бас редакторы, жазушы-драматург,  ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; СМАТАЕВ Софы - жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының  лауреаты; МЕДЕТБЕК Темірхан – ақын, ҚҰ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; ЕСДАУЛЕТ Ұлықбек – ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Жұлдыз» жорналының Бас редакторы; БАЙПАҚОВ Карл - ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымының докторы; АРАЛБАЙ Нұғман – биол. ғылымдарының докторы, профессор, «Жаратылыстану ғылымдары және инновациялық технологиялар» ҒЗИ директоры; КАПЕКОВА Гулнар – Қазақстан ғалымдар Одағының Алматы облысы бойынша филиала директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор; НЕСИПБАЕВА Калия – тарих ғылымдарының докторы, профессор; БУРБАЕВА Галия – ғалым, қоғам қайраткері; ҚҰЛКЕНОВ Мереке – жазушы, қоғам қайраткері; БАПИ Ермұрат - «ДАТ» жобасының жетекшісі, қоғам қайраткері; АЙҒАЛИҰЛЫ Е. - «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы; ИСА Қазыбек  -  "Қазақ үні" газеті президенті, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығы лауреаты, Халықаралық Сергей Есенин атындағы сыйлық - "Алтын күз" ордені иегері. САРЫМ Айдос -  Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшісі, Қазақ Ұлттық Кеңесі Төрағасының орынбасары; СӘРСЕНБАЙ Рысбек  - қоғам қайраткері; ҚОЙШЫБАЕВ Бейбіт- тарих ғылымының кандидаты, «Әділет» тарихи- ағарту қоғамының президенті; КӨШІМ Дос -"Ұлт тағдыры" қозғалысының төрағасы; АҢСАТ Садуақас- «Тіл сақшысы» газетінің Бас редакторы (Қызылорда); ЖӘКЕЕВ Ғабиден– Ғ.Мүсірепов атындағы қордың Төрағасы;  ЖҰМАЛЫ Расул – саясаттанушы, дипломат; Қазақ Ұлттық Кеңесі Төрағасының орынбасары; АБАҒАН Мұқтархан – Кенесары Хан қоғамдық қорының Төрағасы; КЕНЕБАЙ Жұмаш - ақын, қоғам қайраткері, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты; ШЫМШЫҚОВ Жанкелді  - Астана қалалық «Тәуелсіздікті қорғау» ХДҚ ұйымдастыру комитетінің төрағасы; ЖАНДАРБЕК Зікірия - тарих ғылымының кандидаты, Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Түркістан университетінің профессоры; ЗЕЙНУЛЛИН Аманжол - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Дала» институтының директоры; ҚАДЫРБАЕВА Айсұлу – ақын, қоғам қайраткері; ҚУАНЫШАЛИН Жасарал – қоғам қайраткері; ҒАБДОЛЛА Қажымұқан – «Қазақ Елі» газетінің Бас редакторы; ҚАНАТБАЕВ Серік - ветеринария ғылымының докторы; АЙЫПҰЛЫ Рахым – ЖСДП Президиум мүшесі, Қоғам қайраткері; ҚАЛЫБАЙ Мақсот - ҚР ерекше еңбегі сіңірген зейнеткер; САГИДУЛЛАЕВА Айман – ұстаз, қоғам қайраткері;                                      БАБАМҰРАТ Дәурен -  «Болашақ» жастар қозғалысының лидері; ЕРҒАЛИЕВА Баретта - Қазақстанның «Демократия және құқық» халықаралық тарихи-құқық орталығының төрайымы; ЕРҒАЛИЕВА Гүлжан – журналис, қоғам қайраткері; ҚОСАНОВ Әміржан – қоғам қайраткері, тәуелсіз саясаткер; ЕГЕУБАЕВ Айдын – «Ұлы дала» қозғалысының Төрағасы; АЛИБАЕВАлик     - экономист, ЖСДП Президиум мүшесі; КЕНЖЕБАЙ Мырзан – ақын, ҚР мәдениет қайраткері ТӨРЕХАНОВ Эрнст -  жазушы, қоғам қайраткері; МҰҚАНҒАЛИЕВ Ермек – ғалым, қоғам қайраткері; МАМАЙ Жанболат - журналист, қоғам қайраткері; ҚАПТАҒАЙ Қ. -  «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы; ҚУАТ  Дәурен- «Абай.kz» ақпараттық порталының жетекшісі; СӘДУҰЛЫ Бисенғазы - «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; ӘЗІМБАЙ Ғали - саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы; БЕЙСЕБАЙ ТЕГІ Руза – қоғам қайраткері (Павлодар); БЕРКІМБАЙ Ардақ – жорналис, ғалым; МҰҚТАЙ Қуаныш – ақын; ЗАЙТОВ Ринат – айтыс ақыны; МҰҚАНОВ Дәурен - аудармашы, әдебиеттанушы; НҰР-АХМЕТ Дос -"Ұлт патриоттары"қозғалысының төрағасы; БӨТЕЕВ Марат - «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының төрағасы; ТӘЛІМҰЛЫ К. - Талғар аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры; АШУҰЛЫ  Ж. - Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы; МҰХТАРБЕК С. - журналист, қоғам қайраткері; ҚАНАФИЯНазарбек - филология ғылымдарының кандидаты; АҚЖІГІТ Өмірзақ- тәуелсіз журналист; КӘРІПЖАН Аманғазы - ақын; qazaquni.kz