"Жейтін нанымды тартып алды": кішкентай бүлдіршін Назарбаевқа хат жазды (ФОТО)
2017 ж. 19 наурыз
11142
9
Нұрсұлтан Назарбаев атама хат
Аса Қадірлі Нұрсұлтан ата! Сіз біздің болашағымыз үшін үлкен жұмыс жасап жатырсыз. Бірақ, сізге қарсы, біздің болашағымызға қарсы адамдар менің сәби жүрегімді жаралады. Нұрсұлтан ата! Мен Алматы қаласының тұрғыны Құсаинғазина Жамила Нағызқызы болам. Менің сізге өтінішім, менің қолымдағы нанымды Маңғыстау обылысы Ақтау қаласында, 9-ықшам ауданы,4-үй, 90 пәтерде тұратын « ВиКР плюс» ЖШС –нің қожайыны Крыжанюк Владимир Иванович тартып алды. Болашағымды бұлыңғыр етті.
Анығырақ айтсам: Крыжанюк Владимир Иванович әкем кәсіпкер Құсайынғазыұлы Нағыздың 116 мллион 159 мың 176 теңгесін бермей отыр. Әкем бір неше жыл соттасып тентіреп жүріп әділдікке зорға жетті... Бірақ сол алдамшыға заң орындарының қуаты жетер емес. Ол менің нанымды жеп, бостандықта мәз болып жүр. Өз жерімізде өзіміз неге тоналуымыз керек? Кім бізге көмектесе алады?! Біздің отбасымыз тығырыққа тірелді... Сіз, «Балалар біздің болашағымыз»- дейсіз, болашағыңыздың қолындағы нанды тартып алған адамнан сіз мықты емессіз бе?! Маған көмектесіңіз! Болашағыңызға көмектесіңіз! Сол ақшаны алып беруге көмектесіңіз! Сізден басқа үмітіміз жоқ!
Алматы қаласы, 55 мектеп 7 сынып оқушысы Құсаинғазина Жамила Нағызқызы.
Эл.пошта: kerege-kz@mail.ru, байланыс тел.: +7 747 401 46 58
Құрбангүл Ағабектің фейсбук парақшасынан алынды