Алматы тұрғыны: Менің қазақ тілін білмеуім - жауапкершілігімнің жоқтығы
2017 ж. 15 наурыз
2399
3
Алматы қаласының тұрғыны Вячеслав Попов жарты жыл ішінде қазақ тілін меңгеріп, еркін сөйлеймін деген мақсат қойған. Бұл жайлы ер адам өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.
Өзімнің қазақ тілін білмеуімді түпкілікті жоюға шешім қабылдадым! КСРО кезінде туылдым деп ақталмаймын, интернатта, кейіннен мектепте нашар оқытты демеймін...
Менің қазақ тілін білмеуім - ол менің жауапкершілігім! Яғни, жауапкершілігімнің жоқтығы!
Мен оны оқымаған өзім, қажет деп санамай, қиынсындым, қорықтым!",- деді ол.
Поповтың сөзінше, ол қазақ тілін жарты жылда меңгеруге ниетті, бұл шешімді ол бір кездері ата-бабасын өз жеріне қабылдаған халыққа құрмет ретінде жасамақ.
"Мен қазір өзіме және айналамдағыларға, Қазақстанда өмір сүретін барша қазақтар мен орыстарға, басқа да ұлт өкілдеріне мынаны дәлелдегім келеді: Шынымен өз дәстүріңді, мәдениетіңді, халықтар достығын сыйласаң, бір кездері менің украиндық және еврейлік арғы аталарымды өз жерінде қабылдап, сонау 1927 жылы Түркісіб құрылысы, кейіннен 1941-1945 жылдары фашизмге қарсы тізе бүгіп соғысқан елді сыйласаң тілін үйренуге болатынын дәлелдегім келеді", - дейді Вячеслав.
"Олар маған және менің отбасыма, менің балаларыма осы жерде өмір сүріп, бейбіт ғұмыр кешу мүмкіндігін бергендері үшін қазақ тілін алты ай ішінде үйреніп, қазақ әдебиетін оқи алатындай деңгейге жетуге өзімді міндетеймін!
Біз - бауырлармыз! Біз - бір қаннанбыз! Біз - бір істі бірге атқарудамыз!" - деп түйіндеді сөзін ол.
Жазба әлеуметтік желіде үлкен қолдауға ие болды. Көптеген алматылықтар тіл үйренуге қатысты өз көмектерін ұсынып жатты.