Министр Сағадиев ҰБТ-дан "Қазақ тілі" пәнінің алып тасталуын түсіндірді
2017 ж. 14 наурыз
2637
5
ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҰБТ-дан қазақ тілінің алып тасталғаны жайлы мәселені түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"12 жыл бойы орыс мектептерінің түлектері қазақ тілін ҰБТ аясында тапсырып келген болса да, оның нәтижелері есепке алынбаған. Тіл білімін бағалау нәтижелері гранты алуға ықпал етпеген. Сонымен қатар, мектеп түлектерінің бір бөлігі қазақ тілін тест негізінде емес, мектепте әзірленген билеттер бойынша тапсырған. ҰБТ екі кезеңге бөлінуі себепті, сондай-ақ, биылғы мектеп түлектерінің 100 пайызы қазақ тілін тапсыруы мақсаты қойылып отырғандықтан, аттестатты алу үшін әрбір түлек экзамен тапсырып, тіл білімін тестілеу қорытындылары бойынша сәйкес бағасын алуы тиіс", - деді министр.
Еске салайық, кеше, Ұлттық тест орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов Ұлттық бірыңғай тестілеуден "Қазақ тілі" пәнінің жоқ екенін ресми мәлім еткен болатын. Осылайша, Әлімқұловтың сөзіне қарағанда, Ұлттық бірыңғай тестілеудің ресми бекітілген жаңа форматында "Математикалық сауаттылық", "Оқу сауаттылығы" және "Қазақстан тарихы" атты үш пән міндетті пән болып қалған және 2 бейіндік пән қосылған.