Алматыда бірнеше ірі жол апаты болды: 50-ге жуық көлік соғысты (ФОТО)
2017 ж. 12 наурыз
2829
0
Алматыда жаппай жол апаты орын алды. Куәгерлердің хабарлауынша, 40-тан астам көлік соқтығысып қалған.


Zakon.kz-тің хабарлауынша, Шығыс айналым жолында үш бірдей жол апаты орын алған.



Бастапқыда Әл-Фараби даңғылы мен Диваев көшесіне дейінгі аралықта Mitsubishi Delica мен Honda CR-V автокөліктері соқтығысқаны белгілі болды.
Салдарынан, төмен бағытта қозғалып келе жатқан Subaru Legacy көлігінің жүргізушісі жол апатын көріп, тежегішті басқан. Алайда көктайғақтың кесірінен автокөлік жолдың оң жағына қарай бір-ақ сырғыған.


Үшінші жол апаты бұдан тағы 200 метр қашықтықта болған. Оның да көктайғақтың кесірінен болғаны белгілі. Нәтижесінде 300 метрлік жол бөлігінде үш бірдей жол апаты туындаған. Жалпы алғанда бұл учаскеде 12 автокөлік соқтығысқан.
