Қазақстандықтар Наурыз мерекесіне орай неше күн демалады?

Қаңтарда ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулыға қол қойғаны себепті, көптеген қазақстандықтар Наурыз мерекесіне орай қанша күн және нақты қай күндері демалатынын білмеуде. Бұл туралы Zakon.kz-ке сілтеме жасап "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.

Сонымен, қаулыға сәйкес, 18 наурыз - сенбі, жұмыс күні болып есептеледі, 19 наурыз - жексенбі, 20 наурыз - дүйсенбі, 21 наурыз - сейсенбі, 22 наурыз - сәрсенбі және 23 наурыз - бейсенбі күндері демалыс күндер болып саналады. 24 наурыз - жұма, жұмыс күні, одан кейін тағы екі күн демалыс.

Еске сала кетейік, қаулыға сәйкес қазақстандықтар Астана күнін шілденің 6-7 күндері атап өтеді және 8-9 шілде күндері тағы да екі демалыс күні бар.

qazaquni.kz