Семейге топан су төніп тұр

семейКүннiң күрт жылуына байланысты Семейдi су басып қалды. Тiптi көшедегi, ауладағы судың көптiгi соншалық, қарыс жердегi дүкенге нан-тұз алуға бара алмай отырғандар да бар. Қаланың “Затон бөлiгi” деп аталатын бөлiгiнен 50-ден астам отбасы үйлерiн тастап, тек құжаттары мен ақшаларын, бағалы заттарын ғана алып, қаланың басқа бөлiгiнде тұратын жақын-жуықтарының, туған-туыстарының үйiне көштi. Бұлардың iшiнде ауылды сағалап кеткендер де бар.