Сапарбаев мүгедек баласы бар жалғызбасты ананы бір күнде жаңа пəтерге көшірді (фото)
2017 ж. 25 ақпан
21032
72
13 жастағы мүгедек бала тəрбиелеп отырған ананың тілегі орындалды. Бердібек Сапарбаев жалғызбасты ананы бір күнде жаңа пəтерге көшірді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.


Гүлмира Есбергенова əкімнің алдында жалғыз қызының жағдайын айтып жылаған болатын. Жағдайын көру үшін облыс əкімін үйіне шақырды. Əкім аядай бөлмеде қиын жағдайда тұрып жатқан жалғызбасты ананы бір күнде жаңа пәтерге көшірді.

"Иесіз тұрған үйді тауып, жөндеу жұмыстарын жасадық. Жетіспеген заттарды əлі де əкеліп беретін боламыз. Осы жатақхананың жоғарғы қабатына тағы бір төрт балалы отбасын көшіріп əкелдік", - дейді Лəззат Оразбаева.
Гүлмира Есбергенованың баласының еміне көмектесу үшін мына нөмірге хабарласа аласыздар: 8701 424 68 50