"ҚАЗАҚ ҮНІ" қайтадан бірінші орынға шықты!

      QAZAQUNI.KZ ұлттық порталы Зеро рейтинг каталогы бойынша 7718 сайттың ішінде 30-шы орынға көтеріліп, қазақ БАҚ сайттарының ішінде бірінші орынға қайта шықты. Қазір тәулігіне сайтымызға 25 мыңнан аса оқырман кіріп, 35 мың оқылым бар! Сандаған шабуылдан көз ашпаған сайтымыз бұрын рейтинг бойынша алға шыққан сайын, жабылып қалатын... Енді сайттың серверлік қорғанысын нығайтып, батыл алға басып келеміз.
Әрине," Қазақ үні" порталын сақтап қалған, қорғап қалған ең алдымен ҚАЗАҚ ҮНІ, яғни, сіздердің, халықтың зор қолдауы, ыстық ықыласы деп білеміз. Сіздерге алғыс айтамыз! "ҚАЗАҚ ҮНІ"- ҚАЗАҚ ҮНІ, МҰҢЫ, ЖЫРЫ болып, ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ ҚОРҒАЙ БЕРЕДІ! QAZAQUNI.KZ ұлттық порталы