Куәліктегі «-ов, -ев» бодандық жалғауларынан қашан құтыламыз?
2017 ж. 22 ақпан
3639
2
Алашорданың біртуар азаматы Әлихан Бөкейхан атамыз: «Қазақтың аты-жөнін орыс халқына еліктеп, «-ов, -ев», – деп жазу тоқтатылсын! Бұдан былай қазақ азаматтары өз аты-жөндерін Абай Құнанбайұлы деген сияқты жаздырсын, біз де Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы болайық!», – деп ұрандаған еді.
Шетелдің көптеген мемлекеттеріне қарап отырсаңыз өз есімдерін халқының һәм ұлтының төлқұжатындай көреді. Яғни, аты-жөндеріне жалғаған жалғаулардың өзінен-ақ қай мемлекеттен келгенін аңғаруға болады. Үлкен дүниелердің осындай кішкентай қадамдардан басталатынын түсінгеніміз абзал. Ел болып елдігімізді асқақтатып, бірге жұмылып іс жасап жатқан дүниелеріміз аз емес, алайда өз тегіміздегі «ова», «ева», «ов» сынды кедергілерден тезірек құтылуға еш асықпайтынымыз белгілі, - деп жазады Қамшы.
Алашорданың біртуар азаматы Әлихан Бөкейхан атамыз: «Қазақтың аты-жөнін орыс халқына еліктеп, «-ов, -ев», – деп жазу тоқтатылсын! Бұдан былай қазақ азаматтары өз аты-жөндерін Абай Құнанбайұлы деген сияқты жаздырсын, біз де Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы болайық!», – деп ұрандаған еді. Бұл ұран қазірдің өзінде халықтың құлағында жаңғырып тұрғандай. Себебі, біз толықтай болсын өз аты-жөнімізге тағылған қара таңбадан арыла алмадық. Ақиқатына келсек бізге ешкімде бөгет жасап жатқан жоқ, жолымызда тұрып алған жоқ. Керісінше, осыған байланысты ата заңымыздың өзіне арнайы бап қарастырылып, рұқсат етілген. Яғни, әр азаматтың өз қалауына қарай ерік беріліп, ұлтшылдығының таразысын өлшеуге арнап қойғандай. Көп азаматтардың айтатын сылтаулары да жеткілікті. Уақыт таба алмайды немесе бір кедергі шығып қалады, әйтеубір қиындықтың төбесін көрсетіп жатамыз.
Сіз үшін бар болғаны бір аты-жөніңізге жалғанған жалғаудың өзінің үлкен құдіреті бар екенін сезе аласыз ба ? Елестетіңізші аты-жөніңізде «ұлы», «қызы» деп даралап, қазақтың ғажап есімдерінің өзіне нәр беріп тұрады. Қай елден екеніңізді түсіндіріп жатудың да қажеті болмайды. Өз тіліңізді күрмелеп, өзге тілдің жалғауының жалауын көтеріп жүргенді сіз намыс санамайсыз ба? Сансыз уақыттың еншісіне иелік етіп жатқан ел тарихының парақтарын тағы бір зерделеп шықсаңыз, халықтың зиялыларының өзі осы мәселенің қаншалықты үлкен мәнге ие екенін ерте аңғарған. Сол себептен де әуел бастан-ақ дұрыс жолдың бағытын таңдап, өз істері үшін еш ұялмаған.
Тәуелсіздік алғалы осы бір мәселе сансыз рет көтеріліп, талай зиялылардың жалынды сөздері жарияланған еді. Көптеген азаматтарымыз өз тегіне өзгертулер жасап, қалың жұртшылыққа үлгі болып жатты. Бірақ, бұған аса қатты назар аудармайтын адамдардың да қатары кеми қоймады.
Әлі күнге дейін тегіндегі күрмеуді шеше алмай һәм оны шешуге құлшыныс жасамай жүрген азаматтардың қатарын жиі кездестіріп жатамыз. Біз осындай ұсақ дүниелердің кейін үлкен мәнге ие болатынын және адам атауына тағылған айдардың өзіндік бір күш-құдіреті бар екенін ұмытпау керекпіз.
Көп азаматтарымы аз болсын , көп болсын айыппұл салынатын болды деп, заң қабылданса іле-шала бас көтеріп, өз қарсылықтарын білдіріп жатады. Тіпті, соған кезекке тұрып жататын адамдардың арасында ине шаншар орын болмай қалады. Ал енді, ұлттық болмысымызға, өзіндік даралығымызға үлкен мән беретін осы бір өзекті тақырыптың айналасында бас көтеретін бірен-сараң жұртты көріп жатамыз. Неліктен ертерек қамданып, қазақтың ата-тегіндегі өзіндің «ұлы», «қызы» атты даралықты қалыптастырмасқа!