Исекешов Қазақстанды "Бораттың елі" деп кемсітетін шетелдіктерге жауап берді
2017 ж. 22 ақпан
2440
0
Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушылардың үшінші жиыны кезінде елорда әкімі Әсет Исекешев «Бораттың елі» деп кемсітетін кейбір шетелдіктерге дұрыс көзбен қарап, елге қонақ болуға шақырды, деп хабарлайды Baq.kz.
«ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде қонақтарға барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Мәдени бағдарламаларды да дайындап жатырмыз. Жалпы, көрме кезінде 500-ден астам мәдени шара өтеді. Еліміздің бай-тарихын, дәстүрін, мәдениетін, Қазақстанда тұрып жатқан тату-тәтті өзге ұлттардың да мәдениетін көрсету жоспарымызда бар. Үш ай бойы Қазанат атшабарында шығыс базары, сахна орналасқан этноауыл болады. Ол жерде қонақтар қолөнершілердің жұмысымен танысып, ат жарысын көріп, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм тата алады. Ұлттық ойындарға да қатысуға мүмкіндіктері болады», – дейді Исекешев.
Әкім, сондай-ақ, «Бораттың елі» деп кемсітетін кейбір шетелдіктерді еліміздің мәдениетін өз көздерімен көруге шақырды.
«Құрметті «ЭКСПО-2017» көрмесінің қонақтары! Кинодағы «Боратқа» емес, өз көздеріңізге сеніңіздер. Өз көздеріңізбен келіп көріп, ұлы дала ордасының мәдениеті мен өркениетін тамашалаңыздар.Біз сізді асыға күтеміз», – деді ол.