Қатыгез әке екі жасар баласын зират басына байлап, тастап кетті (фото)
2017 ж. 21 ақпан
4190
1
Қытайдың Лифу қаласында екі жасар баласын зират басындағы бамбук ағашына байлап кеткен қатыгез әке жұрттың ашуын келтірді. Бұл туралы NUR.KZ порталы longroom.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, қыздың ата-анасы ажырасып кеткен. Әкесі бұл жайтқа кішкентай қызын жазалау арқылы әйелін қайтарып алмақ болған көрінеді. 28 қаңтар күні табылған балақайдың фотосы БАҚ-та тарап, жұрт туған қызын өлім аузына қалдырған ер адамды ащы сынға алды.