Аяусыз зорланып, өзіне қабір қазуға мәжбүр болған балқаштық бойжеткен жанайқайын жеткізді (фото)
2017 ж. 21 ақпан
13506
24
Алматыға Балқаштан келген бойжеткен "Не молчи" қорынан көмек сұрауда. Бойжеткеннің айтуынша, жарты жыл бұрын оны аяусыз зорлап, соққыға жыққан. Ал қылмыскерлер әлі күнге дейін бостандықта жүр. Бұл туралы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
12 тамыз күні құрбысының үйінде болған Нұргүлді бұрынғы жігіті досымен бірге іздеп тауып алады.
"Мен құрбымның үйінде отырғанымды ол қайдан біліп қойғанын білмедім... Ол досымен жетіп келіп, мені пәтерден сүйреп алып шықты. Құрбым есікті тарс жапты да, еш көмектеспеді, тіпті полиция шақырмады", - деп есіне алды Нұргүл.
Бойжеткеннің айтуынша, жігіті оны шашынан сүйреп көлікке отырғызап, көл маңына алып кеткен.
"Олар сондай қатыгез болды, мұндай қатыгездікті өмірімде көрген емеспін. Мені көлге батыруға тырысты", - дейді Нұргүл.
Бойжеткенге сол жердегі куәгер әйел араша түспек болады. Алайда онысынан түк шықпай, жігіттер Нұргүлді қаңыраған жерге алып кетеді. Олар бойжеткенді зиратқа алып барып, әбден азаптаған.
"Арматураны көтеріп, мені сонымен жаншымақ болды. Алайда қолдарынан келмей, оның темірімен қолымды байлауға тырысты. Мен қашумен болдым, алайда олар ұстап алып, джипке отырғызды. "Не үшін мені бұлай азаптап жатырсыңдар" деп сұрап, жіберулерін өтініп жалбарынғаныммен, олар ессіз күйде болды", - дейді зардап шегуші.
Олар Шашубай ықшамауданына барып, күрек алған. Кейін зиратқа қайтып келіп, сонда Нұргүлді зорлаған. Аяусыз соққыға жығып, күрекпен ұрған, өзіне қабір қазуға мәжбүрлеген.
Нұргүл тірі қалды, алайда азаптаған жігіттер бұл жайтқа қатысты тіс жаратын болса, аман қалмайтынын айтып, қорқытқан.
Зорланғаннан кейін екі күн өткесін бойжеткенді жедел жәрдем емханаға алып кетеді. Сол жерде Нұргүл полицияға шағым түсіріп, күдіктілер қамауға алынады.
Нұргүл "Не молчи" қозғалысының кеңсесінен тергеушіге хабарласады. Ол ДНҚ сараптамасы оң нәтиже берді ме деген сауал қойғанда, тергеуші мұны растайды. Алайда, көп ұзамай тергеу дәлелдердің болмағанынан тоқтап қалғаны анықталған.
Қарағанды облысының ІІД қызметкерлері таяу арада бұған қатысты түсініктеме беруге уәде етті.