Психолог: Жалаңаш денесін көрсетуге әуес қыздар психиатрға көріну керек
2017 ж. 07 ақпан
3792
0
Психологтар қазақстандық қыздардың Желіде неліктен интим суреттерін жариялауға әуес екенін айтып берді. Мамандар Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында жалаңаш суреттерге құмар әлеуметтік желі қолданушылары мен өзгелердің интим суреттерін жариялауға әуес адамдардың осындай әрекеттерге неліктен баратынын түсіндіріп берді.
Психологтар Ассоциациясының президенті Владимир Стеблянконың айтуынша, адамдар интим суреттерді өздерін жарнамалау үшін жариялайды.
"Бұл жерде адамның бірнеше мақсаты болуы мүмкін. Біріншісі - өз-өзін және сұлулығын жарнамалап, әлеуметтік позициясын көрсету. Мүмкін олар солай танымал болып, ақша табуды көздейтін шығар. Сондай-ақ, олар біреудің суреті арқылы ақша тапқысы келеді. Ол адам интим суретті иесінен рұқсат сұрап алуы мүмкін немесе ұрлап алуы да мүмкін. Бұл жерде оның басты мақсаты - жарнамамен ақша табу. Тағы да басқа мақсаттар бар. Мысалы, қоғамда өздерін ойдағыдай көрсете алмайтын адамдар болады. Сол кезде адам осындай жолмен әрекет ете бастайды. (...). Егер адам әлеуметтік тұрғыда толыққанды болмаса, ол өзін денесі арқылы көрсете бастайды", - деді психолог Владимир Стеблянко.
Ал Психоанализ институтының директоры Анна Құдиярованың айтуынша, бұл жерде екі түсінік бар: эксгибиоционизм мен вуайеризм. Яғни, жалаңаш денесін көрсетуге әуес адамдар мен олардың суреттерін бақылап отыратын адамдар.
"Қазір адамдар олардың жалаңаш денесін біреулердің көргенін қалайды. Егер адам мұны сирек қалайтын болса, біз бұл процесті эксгибиоционизм деп атаймыз. Ал егер де бұл одан ары асқынатын болса, жалаңаш денесін көрсетуге әуес адамдар психиатрға немесе психосарапшыларға көріну керек (...). Сондай-ақ, өзгелердің интим суреттерін қарап отыруға құмар адамдар да бар. Оларды вуайеристер деп атаймыз. Яғни, бірінші топтағы адамдар жалаңаш денелерінің суреттерін әлеуметтік желілерге жүктей отырып, лайк жинап отырады. Тіпті ол суреттерге жағымсыз пікір қалдырылса да, бұл адамдар оны қалыпты жағдай деп санайды. Ал вуайеристер болса, біреулердің интим суреттерін жариялап, басқа адамдармен бірге соны қарап отырғанды ұнатады", - деді Анна Құдиярова.
Анна Құдиярованың айтуынша, әлеуметтік желілердегі мұндай суреттердің тағы бір себебі адамның жалғыздығы болуы мүмкін.
"Әлеуметтік желілер қолжетімді болғандықтан "әлеуметтік" деп аталады. Расында да нағыз бостандық сонда. Мысалы, 20 жастағы қыз әлеуметік желілерге интим суреттерін жүктеді. Оның ата-аналарына бұл қандай ауыртпашылық болатынын ойлап көріңіздерші. Немесе 35-40 жастағы ер адам жалаңаш суреттерін салатын болса, оның отбасы мен балалары осы жағдайға қалай қарайды? Міне, отбасындағы жанжалдар осы жерден басталады. Мысалы, жасөспірімдер, жігіттер мен қыздар осындай интим суреттерді жариялады делік. Бұл дегеніміз олар ата-аналарымен жақын қарым-қатынаста емес. Олар ата-аналарына айта алмайтын дүниелерді әлеуметтік желілерге жүктейді", - деді Психоанализ институтының директоры.