Алматыда Универсиада автобусы жол апатына ұшырады (фото)

Қаңтардың 27-күні сағат түнгі 11-00 шамасында Алматы қаласында Универсиада-2017 қатысушыларына қызмет көрсететін автобус жол апатына ұшырады. Бұл туралы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап qazaquni.kz ұлттық порталы хабарлайды.

"ГАЗель 43" маркалы көлік спортшыларды алып қайту үшін жолға шыққан. Шаляпин мен Саин көшесінде ескерту белгісіне қарамастан солға бұрылған көлік жүргізушісі қарсы жүрген Volkswagen Golf көлігімен соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шекпеді.