Миымызды құлдық сана жаулап жатқанын білмейміз...
2017 ж. 27 қаңтар
3978
3
Кейінгі кезде орысша сөйлей алмайтын қазақтарды күлкі қылатын киноларды, сатира театрларын сынап жүрмін. Байқасаңыздар, біздегі анекдоттардың да көбісі орыс пен қазақ арасындағы диалогқа негізделеді. Идеология деген қайдан шығады, осындай майда-шүйделерге мән беруден туындайды.
Бізде көптеген анекдотта орыс пен қазақ әңгімелеседі. Бірақ өзінің жерінде, өзінің елінде орысшаға тілі келмеген, ауылдан келген қазақ мазаққа айналады. Оған бүкіл қазақ мәз болып күледі. Шын мәнінде, ақырын миымызды комплекс пен құлдық сана жаулап жатқанын білмейміз.
Инстаграмда "тікелей эфир" деген пайда болды. Сонда көп қыздарымыз орысшаға тілі келмесе де, бірдеңелерді шүлдірлейді. Себебі қазақша сөйлесем, өзіміздің қазақтар күліп, анекдот қылады деп ойлайды... "Әзіл түбі - зіл" деген осы.