Астаналық шендінің тоқалы болған бойжеткен аста-төк өмірін баяндады
2017 ж. 25 қаңтар
9594
1
Астанада мемлекеттік қызметкердің тоқалы болуға келіскен бойжеткен өз құпиясымен бөлісті. Алматылық ару өзінен жасы үлкен ер адамның екінші әйелі болудың қандай артықшылығы барын айтып берді, - деп жазады nur.kz.
«Астанада менімен кездескісі келген жігіттер көп болды. Маған сыйлық беріп, көңілімді аулағандар да жеткілікті еді. Ол кезде жап-жаспын. Мектепті енді бітіргенмін. Маған қызық болды. Көп жігітпен қатар сөйлесе бастадым. Бір күні жұмысқа киім сатып алуға келген жасы қырықтар шамасындағы бір ер адаммен таныстым. Телефонымды сұрады. Сөйтіп бір-бірімізбен жақын араласып кеттік», - дейді бойжеткен.
«Ол маған ақша жағынан көмектесе бастады, бөлек пәтер жалдап берді. Өзі келіп кетіп жүрді. Былайша айтқанда ол кісі менің демеушім болды. Астанада ешбір танысым болмады. Сонымен ғана жақын болдым», - дейді Аяулым.
"Жас жігітпен жүріп, оның кемшіліктері көп екенін білдім. Өзімнен үлкен еркектер ұнайтынын түсіндім", - дейді ол.
Аяулым Астанада бір қызбен танысып, онымен бірге пәтер жалдап тұрады.
«Ол әдемі қыз болатын. Ол да демеушілердің арқасында шалқып өмір сүреді екен. Екеуміз бірге тұрып, жігіттермен сөйлесіп, қыдыра бастадық. Сөйтіп ол мені бір мемлекеттік қызметкермен таныстырды. Оның жасы қырықтан асқан еді сол кезде. Әйелі, бала-шағасы бар», - деп еске алады Аяулым.
«Астанаға көшіп келгелі жарты жыл ғана жұмыс істеп өзімді өзім асырадым. Содан соң мүлде жұмыс істемеппін. "Демеушілердің" есебінен өмір сүрдім. Нені қаласам, соны істеп жүрдім», - дейді Аяулым.
Мемлекеттік қызметкермен болған қатынас та көпке созылмаған. Оның айтуынша, Астанада көңілдес іздеп жүргендер өте көп. Тіпті өзімен бірге шетелге алып жүретін еркектер де кездесетін көрінеді.
Аяулым кәсіпкермен бірге Мәскеуге «іссапарға» қалай барып келгенін айтып берді. Ол онымен Ресей астанасында үш ай бірге болған.
Аяулым Мұратова - қазір бір баланың анасы. Астанада жүріп танысқан жас жігітпен отбасын құрған ол мінезі жараспай, онымен ажырасып тынды. Ол тұрмысқа отыз жастан асқан соң шығу керек деп есептейді. Келіншек әлі де өз бақытын табудан үмітті екенін жасырмады.