КӘСІПОРЫНДАРДЫ ҚОЛДАУ – БАСТЫ НАЗАРДА
2017 ж. 17 қаңтар
1609
0
Азат Перуашев Ақмола облысындағы Аршалы кентіндегі «Казшпал» еңбек ұжымымен кездесті. Депутаттың бұл жерде танымалдылығы зор: өткен жылы зауыт басшылығының өтінішімен, ол кәсіпорынның бұзылған құқықтарын қорғау үшін бірталай мемлекеттік органдарды аралап шыққан еді.
«Ақ жолдың» жетекшісі зауыттың жұмыскерлеріне фракцияның отандық өндірушілердің мүдделерін, соның ішінде Кедендік одақ және ЕАЭО-тың шеңберінде қолдау жөніндегі фракция жұмысы туралы баяндады.
«Заңнамадан «қазақстандық құрам», «отандық өндіруші» деген түсініктер алынып тасталды, біздің ұлттық компанияларды сатып алу туралы заңының қажеттігі туралы ұсыныстарымыз қабылданған жоқ», – деді Перуашев. – Кейбір мемлекеттік органдар өнімнің қауіпсіздігі және техникалық регламенттерді, талаптарын орындауды бақылауды доғарған. Бұл сіздердің кәсіпорындарыңызға да тап болған үлкен жүйелік мәселе. Алайда, тура осы жерде адал бизнеспен шала бизнес айырмашылығы көрінеді. Президент Н.Назарбаев желтоқсан айындағы индустрияландыру күнінде жәй ғана бизнес емес, үздік халықаралық стандарттарға сәйкес жобаларды қолдауға тапсырма берді».
Кәсіпорын басшылығы қолдау үшін алғысын білдіріп, тағы бір пайда болған сыздауық жара сияқты мәселемен бөлісті: 2016 жылдың желтоқсан айында зауыт «табиғи монополиялар туралы» заңды бұзғаны үшін деген желеумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, себебі зауыт жылу жүйесімен, ауылдың кейбір нысандарын сумен жабдықтайды. Соның ішінде көп қабатты тұрғын үйлерді де. Біз зауытты табиғи монополиялардың субьектілері реестріне тіркеу туралы талапты негізсіз деп санаймыз. Себебі, бұл қызметті әлеуметтік жауапкершілік ретінде кәсіпорынға шығын келтіре отырып жасаймыз. Ал бізге сол үшін тағы 35 млн.теңгеге айыппұл салады. Мүмкін, енді кентті жылытудан, үйлерге су беруден бас тарту керек шығар... Бірақ, сосын қалай адамдар бұл жерде өмір сүре алады?», – деді, депутатқа зауыт директоры Раиса Иванова.
Кездесу барысында жұмыскерлер медициналық қызметтің сапасыздығына, азық-түліктің бағасының өсуіне, кент көшелерінде уақытылы қардың жиналуына қатысты сұрақтар қойды.
«Әрине, КСК-ға, жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты сұрақтар бар, бұл проблемалар сіздерге ғана емес,басшыларда да бар. Бұл істің соңына дейін ұйымдаспағаны көрініп тұр, алайда, біздің өзімізге қатысты әрқайсысымыздың жеке жауапкершіліктеріміз де бар. Ауданның кішігірім мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, біз өзіміз де мүмкіндігімізше тұратын жерімізді көріктендіруге атсалысуымыз қажет. Бірақ,жаяужолдарды қардан тазаламайды деп шағымданасыздар, жаяужол таза алаңға салынбаған, олар жеке үйлерді бойлап салынған. Сіздердің жеке үйлеріңіздің қасынан әлде біреу өтіп бара жатып, қардың тазаланбағанына ренжиді. Тым болмаса өзіміздің үйіміздің алдын жинаудан бастайықшы. Сосын әкімшілік те ешқайда кетпес, олардың да өздеріне тиесілі қоғамдық аумақтарға жауапкершілігі жөнінде сұраймыз», – деді Перуашев, қатысып отырған аудан әкімі Азамат Тайжановқа. А.Тайжанов қосымша қар тазалайтын техниканың сатылып алынатындығы жөнінде Писарев көшесін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету туралы тұрғындарға хабарлады.
Көкөністердің бағасының көтерілуіне байланысты А.Перуашев біз бәрін сатып алуға үйреніп, өзіміз ауылдық жерде тұрсақ та қолдан өсіруді ұмытып кеткенбіз. «Араларыңызда бақша егумен айналысатын немесе саяжайы бар адам бар ма?», деп сұрады ол. Қол көтерген 3-4 адам ғана.
«Міне көрдіңіздер ме?! Сіздер ауылдық аймақта тұрасыздар ғой. Не үшін таңғаламыз? Көкөністерді өзіміз өсіргеннен сатып алу қымбат. Пәтерді де өзіміз соққаннан сатып алу қымбат. Мәселе тек инфрақұрылымның болуында: жер учаскелері, су, жарық жолдар...» – деп қосты депутат.
Осының негізінде «Ақ жол» фракциясының жетекшісі «Нұрлы жер» бағдарламасына толығырақ тоқталды. «Бұл бағдарлама, басқалармен қатар, жеке тұрғын үй құрылысы соғылуы үшін қажетті инфрақұрылымның қамтамасыз етілуін қарастырады және көптеген отбасыларына ипотека алмай, өз үйлерін салуға көмектеседі. Сондай-ақ аулалық шаруашылықты жүргізуді де қолдайды.»
Қымбатшылық пен медициналық қызметтердің сапасының төмендігіне қатысты сұрақтарға жауап бере келе, А.Перуашев міндетті медициналық сақтандыру қорына қатысты «Ақ жолдың» позициясын айта кетті: «Мен сіздердің айтқан сындарыңызбен келісемін. Сондықтан да, біз қорды дербестендіруді ұсынғанбыз. Әр адам кімге барып емделіп, қанша ақша төлейтіндігін өзі таңдау үшін. Сонымен қатар, Қор өзінің клиенттерінің құқықтары үшін күресуі қажет – егер адамға дәрігер емес, дәлдүріш біреу кезіксе – Қор өзінің клиенті үшін ондай клиникаларға сот арқылы жазасын беруге дайын болуы керек.»
Денсаулық министрлігі біздің позициямызды дұрыс қабылдап, Қордың жұмысында осы ескертулерді есепке алуға уәде берді. Осы реформа тек үлкен қалаларда ғана емес барлық ел бойынша біздің медицинаны жақсартуына үмітіміз зор, біз мұны бақылауда ұстаймыз.
«Ақ жол» фракциясы депутаттарының жұмыс сапарлары Қазақстан аймақтары бойынша жалғасуда.
«Ақ жол» ҚДП Ақмола облысының баспасөз қызметі