Ақтөбеде тағы атыс: полицияға оқ жаудырған кімдер?
2017 ж. 13 қаңтар
1984
0
Ақтөбе қаласында кеше түнде полиция қызметкерлеріне оқ жаудырғандар ұсталды. Атыс Богословка ауылына барар трассада күдікті көлікті тоқтату кезінде болған. Ақпаратты сенімді дереккөз NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісіне хабарлады.
Көлік ішіндегілер полиция қызметкерлеріне қарсылық білдіріп, оқ жаудырған. Олар мал базары маңында полиция қызметкерлерімен атысқан. Ақтөбеде түнімен полиция қызметкерлері мен арнайы жасақ жұмыс істеді. Күдіктілерді қолға түсіру кезінде көлік ішіндегі бір адам көз жұмды.
Машинада қанша адамның болғандығы жөнінде әзірге ақпарат жоқ. Дегенмен ІІД бұл жайтқа қатысты таяу арада толыққанды ақпарат беретін болды.