Бұл не масқара? Қалталы қытай азаматтары қазақтың пәк қыздарын сатып алмақшы
2017 ж. 06 қаңтар
17730
110
Қазақстандық бойжеткендерге жылдық табысы 90 мың доллардан кем емес қытай ер-азаматтарына тұрмысқа шығу ұсынылды!
Осы хабарды оқығанда не дерімізді білмей қалдық. Қайдағы бір қысық көз қытайлар келіп қазақтың қаршадай қыздарын сатып алмақшы екен. Он бес қытай кеп кілең 18 жасар қазақ қыздарын іздейді екен. Сосын шертіп жүріп, ішінен ең сұлуын таңдайды екен.
Мұның ең масқарасы не? Осыған жол беріп қойған өзіміздің қазағымыз-ау... Әйтпесе, тасбақадай тарбиған жаман қытайды төбемізге тайраңдатып қойғанымыз не?
Сөйтіп, сайтына рейтинг жасаймын деп NUR.KZ тілшісі "қалыңдық" ретінде агенттікке хабарласып, оның өкілімен тілдесті. Агенттік өкілінің хабарлауынша, ақпан айында 15 қытай күйеу жігіті Астанаға төрт күнге келмек, олар болашақ қалыңдықтармен көзбе-көз кездесу үшін келе жатыр екен. "Іріктеуге" қатысудың құны - агенттік клиенттері үшін 15 000 теңге, ал клиенттері еместерге - 25 мың теңге.
Кездесулер, боулинг пен караокеге бірге бару секілді шаралар жоспарланған. Ал егер бір-бірін тапқан жұптар болса, оларға арнап кешкі тамақтану да қарастырылған. Ал күйеу жігіттің ешқайсысы көңілден шықпаған жағдайда, төленген ақша қайтарыла ма деген сұраққа агенттіктегілер қайтарылмайтынын айтыпты.
Дәл осы шараға баратын қыздар табылады. Оған сеніңіз. Бірақ, біз сол қыздарды кінәламауымыз керек. Үлкен боп, аға боп қыздарға қырық үйден тию сала алып жүрміз бе? Біздің ағалар қыздарға қандай тәрбие беріп жүр? Кейбір байшыкеш ағаларымыз қыздарымен жасты қыздарды құшақтап ап ресторандарда жүргенін көріп жүрсіздер.
Осыған тосқауыл қоятын не бір құзырлы органымыз жоқ екен? Не бір намысты жігіттеріміз қалмаған ба? Әшейінде "Четыре брата", Сары Алмаз, Сабыржан, Еркін... анау-мына деп көкігенде алдына жан салмайды кейбір қандастарымыз. Қайда сол намысты ұлдар? Базарда тиын санап, киім сатқан бейшара халықтың ақшасын тартып алғанда мықты боп кететін жігіттер қайда? Төрт қытайды тезге салатын кім бар? Біз өзі басымызға, ұлтымызға қауіп төнгенде сенетін серкеміз де жоқ екен ғой...