Қазақстандық полицейлер 2017 жылдан бастап арнайы таяқша қолданбайтын болды
2016 ж. 29 желтоқсан
3071
1
2017 жылдан бастап жол полициясы көлік тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайды. Бұл туралы ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.
Халықаралық стандарттарға сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның ішкі істер органдарының қызметкерлері де көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайтын болады, деп хабарлады ҚР ІІМ.
«Енді жол полицейлері көлікті тоқтату үшін қолын көтеріп, «тоқта» деген белгі береді және сонымен бірге ысқырықты да пайдаланады немесе арнайы дыбыс күшейткіш және жарық беретін құралдарды да қолдана алады, сондай-ақ автопатрульмен де тоқтатады. Жол ережесін бұзғандарды анықтау үшін бейнекамералар, сонымен бірге ішкі істер органдарының бейне тіркеуіштері қолданылады», - деді ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.