Аудандық газеттің бас редакторы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған медальдан бас тартты
2016 ж. 27 желтоқсан
2804
2
Батыс Қазақстан облысы, Казталовка ауданындағы "Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы Серік Жұмағалиев тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған медальдан бас тартты деп хабарлайды Уральская неделя басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Бас редактордың айтуынша, біздің қоғам арды құрметтеуді ұмытқан. Мемлекеттік марапаттар мәнін жоғалтқан. Сол себепті де медальдар кез-келгеннің иығына тағылып жатыр.
"Мен өз басым ешкімді жазғырмаймын. Біз, тіпті, газеттерде марапат алғандарды жариялап, оларды құттықтап жатырмыз. Бірақ, мен бас тарттым", - деп мәлімдеді Жұмағалиев.