Ғаббас Қабышұлы. НҰРТАЙ – АЗАМАТ!
2016 ж. 19 желтоқсан
5622
5
Нұртай – Азамат! Өзіме қатысты үш сәтті айтайын:
- Әйгілі «Азат» қозғалысының басшысы, «Азат» партиясының төрағасы Михаил Иванович (анығында – Хакім Тілегенұлы) Есенәлиев ағамыз қайтыс болып, қырқын өткізген соң, жұбайы менен Естеліктер кітабын шығаруды өтінді. Нұртай сол кітапқа бірден мән беріп, басқаны іздетпей, өзі дереу демеуші болды.
- Марат Қабанбай марқұмның қабірі басына құлпытас орнатуға ақша таба алмай, Шығыс Қазақстан облысының шоқындыларынан көңілім қалып жүрген күндердің бірінде Нұртай кездесіп, сәлем беріп: «Аға, өңіңіз біртүрлі ғой, әлденеге шаршап жүрсіз бе?» деді. Мен шынымды айттым. "Аға, мен көмектесем!" деді. Айтты – орындады!
- Ғалымжан Мұқанов деген жазушы, аудармашы болды. Менің тапсыруыммен Абайдың өлеңдері мен ғақлиясын француз тіліне аударып, Абайдың 150 жылдығына кітап етіп шығардық. Парижде ЮНЕСКО атап өткен Абай тойына 10 кітап алып бардым. Француз жазушылары аударманың өте жатық екеніне таңдана рахмет айтты.