Тәуелсіздік тойының орнына Жаңа жылдық шыршаға тап болдық...
2016 ж. 17 желтоқсан
3456
6
Сонда бұларға өздері өмір сүріп жатқан Қазақстанның ең басты мерекесі - Тәуелсіздік тойы керек емес пе?
Бүгін Еліміздің ең ұлық күнін мерекелеп қайтпақ үшін балалармен қалаға шығып едік, Тәуелсіздік тойының орнына Grand park-те Жаңа жылдық шыршаға тап болдық. Масқара! Немерелерімнен ұялып жерге кіре жаздадым. Шыршаны ұйымдастырушылар, менің бүгін қандай мейрам деген сұрағыма -"Жаңа жыл" деп жауап қайырды. Бүгінгі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы жайлы айтқанымда, "ол кеше өтіп кеткен" дегенде шыдамым жетпей, "сендердің Жаңа жылдарың неге 1 күнде өтіп кетпейді?" дегеннен басқа айтарым болмады. Айтулары бойынша дәл бүгін 17 желтоқсанда осындай шараға рұқсат берген Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімшілігі екен. Демалыс күні болса да, телефон шалдым, кезекші Назым Асылханова атты қарындасымыз жауап қатты. Мен жеткізген мән-жайдан бейхабар болып шықты. Бірақ "Сіздің жанайқайыңызды басшыларға жеткіземін" деп ашуымды басқандай болды. Алматыдағы Саин-Райымбек көшелері қиылысындағы "Азияпарк" сауда орталығында да солай, Тәуелсіздік мерекесі туралы бір жапырақ жазу жоқ, оның орнына бір айдан бері құрулы тұрған Жаңа жыл шыршасы мен жаңажылдық безендірулер тұр.." (суретте). Сонда бұларға өздері өмір сүріп жатқан Қазақстанның ең басты мерекесі - Тәуелсіздік тойы керек емес пе?
Бұл масқара - О дүниелік болған туысының жетісін өткізбей жатып той жасағанмен тең болды мен үшін...
Бейсен СЕРІКБАЙАлматы қаласы.qazaquni.kz