Қазақстан туралы 25 қызықты дерек
2016 ж. 16 желтоқсан
4701
0
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай назарларыңызға еліміз туралы 25 қызықты дерек ұсынамыз.
- Қазақстандағы «Байқоңыр» ғарыш станциясынан тұңғыш рет адамзат ғарышқа ұшқан.
- Медеу — әлемдегі ең биік орналасқан жасанды мұз айдыны. Бұл жерді спортшылар ерекше жақсы көреді. Себебі, таудың таза суынан құйылатын мұз айдында 170 әлем рекорды тіркелген.
- Алматыдағы Көк-Төбе телемұнарасын теңіз деңгейінен төмен есептейтін болсақ, дүниежүзінің ең биік нүктесі болып есептеледі.
- Ұлы Отан соғысы кезінде майданға жіберілетін әр оқтың үшіншісі Қазақстанда жасалған.
- Қазақстан – табиғи ресурстарға өте бай мемлекеттердің бірі. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы Қазақстан жерінен табылған.
- Қазақстан астанасы Астана қаласы әлемнің ең жас астанасы болып есептеледі.
- Қазақстанның екі ескерткіші ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұрасының қатарында. Олар – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Тамғалы тас кешені.
- Қазақстанда 17 млн адам мен 130-дан астам ұлт тұрады.
- Қазақстанның территориясына бес Франция, үш Түркия, немесе жеті Жапония сиып кетер еді.
- Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанға шетелден 150 млрд доллар инвестиция құйылған.
- Шай ішуден Қазақстан алғашқы орында келеді. Жылына әр адам басына 1,2 кг, ал Үндістанда небәрі 650 гр құрайды.
- Халық саны – 17 202 600 адам. Бұл әлем бойынша 62-ші орын.
- Қазақстанның аумағы Азия мен Еуропада орналасқан.
- Қазақстанда 3,3 милионға жуық жеңіл автокөлік бар.
- Астанада Бейбітшілік және келісім сарайын бүкіл әлемге әйгілі сәулетші Норман Фостермен салған.
- Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара - әлемдегі құрлықпен өтетін ең ұзын шекара болып табылады: Оның ұзындығы — 7 512 км.
- Жылқылар алғашқы мәрте қазіргі Қазақстанның аумағында қолға үйретілген.
- Қазақстан – табиғи ресурстарға өте бай мемлекеттердің бірі. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы Қазақ жерінен табылған.
- Қазақстандағы Балқаш көлі – әлемдегі ең ірі көлдердің бірі. Көл суының жартысы тұзды, жартысы тұщы.
- Қазақстан Республикасы БҰҰ, НАТО, ТМД елдері мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше.
- Алғашқы қазақстандық ақшалар Лондонда шығарылды.
- Теңге банкнотасы әлемдегі ең үздік қағаз ақша ретінде үш рет танылды.
- «Астана Опера» театры Орталық Азияда ең үлкен театр болып саналады.
- 2012 жылы Астана ТМД мен Түркі әлемінің астанасы болып жарияланды.
- Қазақстанда шамамен 130 ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүруде.