Иманғалидың жолы иманды еді, Есімовтің жолы ескіріп бара ма?

0
1137

15 Наурыз түстен кейін жауған қардың бір-ақ түнде Алматыны «қарық қылғаны» белгілі. Ауарайының күрт өзгерісі қала халқының көшені қардан қалай тазалайтынын дәледеп тұрғандай болды. Кеше ғана бір ағамыздың көлігімен үйге қайтып келе жатып, көлік кептелісінен қашпаймыз ба. «Май тілесең міне құйрықтың» кебін кидік. Кептелістен қашқанымызға жол болсын. Темириязев көшесінен қашып, Бұқар Жырау көшесінемен жүргіміз келді. Сонымен не керек «қасқырдан (көлік кептелісінен)» қашамыз деп жүріп «жолбарысқа (айнамұзға)» тұтылып қалдық. Бұқар Жырау көшесінің қары дер кезінде тазаланбағандықтан жолдың бәрі көк мұз болып шықты. Неше жерден жолдан шығып кете жаздадық. Аллалап жүріп аман құтылдық. Арасында Имекеңнің (И.Тасмағанбетов) заманын еске алып қоямыз ағам екеуміз.

Рас-ау, айтып-айтпай не керек, Иманғали Тасмағанбетов Алматыға әкім боп тұрған шағында қала көшелерінде мұншалық көк айна мұзды да, жолды бойлап ағып жатқан шалшық суды да, тіпті сол «жолдардың» бойында тұратын «түнгі көбелектерді» де дер кезінде «тазалап» тұрып еді ғой. Аз уақыт ішінде нешелеген айқаспалы көпірлер салынып, неше құрлыс нысаны бой көтеріп, қала жанданып, тіпті Алматыға қазақы қан да жүгіріп қалған-тұғын.
Қазір қалай болғанда да қала «жым-жырт». Жолдар қар жауған сайын көк тайғак, айна мұз. Ол заманда (кеше ғана еді ғой сол заман) қар жауған күні ертемен сыпырып, күреп, «жалап-жұқтап” тастамаса да тұз бен құм уақытылы төгіліп, жолдар тегіс қарайып жататын еді ғой. Осы іскерлігін білгендей Иманғалиды Президент өзі бір-ақ күнде бас қаладан «ұзатып» әкетті. Айтайық дегеніміз бұл емес, басқа ғой…
Басқаны былай қойғанда Абай, Достық даңғылдары, Сайын, Төле би, Момышұлы, Алтынсарин т.б көшелеріміздің шетіндегі жүріс жолы қар жамылып, «мұз құрсанып жатыр» екен. Ал күн қызса болды «сай-саладан» су ағып, қаланың «самайынан» айғыз-айғыз «тер» ағып, «бусанып» жататыны бесенеден белгілі. Сонда басқа көшелерден қалай ауыз ашуға болсын. Шіркіндер істеуі істейді-ау, бірақ, ұқыпты емес. Уақытылы емес. Қарды жолдың шетіне үйе салады немесе бірді-екілі жүріс жолын аршып көшедегі қардың «сақал мұртын» «басса» болды. Істелді ме? Істелді. Не істеді? «Пәленбай техникамен» жолдардың қары тазаланды.
Міне бұл төменгі әкімшіліктердің жауапкерсіздікпен жұмыс істеудегі «қазақстандық» үлгісі.
Ал, сонда кім кінәлі? «Қатаң қадағаламай ма» деп қала әкімшілігіндегі жауапты қызметкерлерді кінәлаймыз ба, «жұмысына селқос, уағында істемейді, күн қызғанда жұмысқа кіріседі, қарды толық аршымайды» деп әр қайсы аудандардың қар тазалау «техникаларын» кінәлаймыз ба? Осыны қыстай Құдайдың құтты күні көріп жүрседе де «айғайлатып» тұрып айтпай, жазбай, көрсетпей жүрген журналистерде шығар… Мүмкін, жолдың көк тайғақ екенін біліп тұрып «табаны» тайғанақтап қоймаған көлік жүргізушілер кінәлі шығар…
Әй қайдам, бәрі де емес қар жауып тұрғанда «қар жауып тұр, жолдағы қарды ертемен тазалау керек, әйтпегенде көлік қатынасы жиілеп кетсе жолдарды тазарту қиын болады» деп тиісті орындарға барып дер кезінде құлақдар етпеген тұрғылықты халық кінәлі болар…
Не де болса сабырлық қылайықшы. Аллаһ бұйыртса мұз құрсанып, қар жамылған қыс та шығып қалды емес пе… Ал шұрқ-шұрқ тесілген жолдарымыздың хикаясы тіптен бөлек. Ханның жолы емес, қаршаның жолын айтам.
Айтпағымыз бұл да емес. Біздікі «кінәлілер» «қылмысын» «мойындап» қала халқы «сүрініп-қабынбай» жүрсе деген ізгі арман ғой.

Оразбек САПАРХАН

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз