БЕСАҒАШТАҒЫ БҮЛІКТЕР...

Бесагаш-4Қазақты қорлау жалғасып келеді... Ақпан айының 23-і күні Алматы іргесіндегі Бесағаш ауылында ұлты күрд азаматы қазақтың бір қызын ауыл сыртындағы тоғайға алып барып зорлап өлтірген. Мәйіт 25-ақпанда табылып, қылмыстық іс қозғалған. Көп ұзамай қыздың өліміне күрд азаматының қатыстылығы туралы күдік туады. Тиісті органдар жұмылдырылып, қылмыстың мотивін тергеу бөлімі анықтап, қанды оқиға туралы жан-жақты деректер жинақталып жатыр. Малыбайдағы шешендердің шектен шығуы, Шелектегі ұйғырлар оқиғасы, Оңтүстіктегі Маяқұм ауылындағы күрд жігітінің қазақ баласын зорлауы... енді міне Бесағаштағы күрд жігітінің зорлығымен қазақ қызының өлімі... Өз елінде осындай қорлық көретін қазақтан басқа ешбір ұлт жоқ шығар...

«Бесағаш» ауылының әкімі, Кеңесбек Меңдебаев: - Мен осы ауылдың әкімі ретінде жағдайды жақсы білемін. Күрд жігітінің күдікпен ұсталуында да гәп бар. Оны тергеу орындары анықтайды. Ал, бұл отбасы шағым айтпастан бұрын біз оларды полиция қызметкерлерінің күшімен қорғауға алғанбыз. Ақсақалдар, ауыл азаматтары намысқа қаны қозып қандай да бір әрекеттерге бармақ болды. Біз ақылға, сабырға шақырып оларды тоқтаттық. Ақсақалдар мен азаматтар «сендер мәселенің түбіне жететін болсаңдар - онда біз қойдық» деп жөнге жүгінді. Әйтседе, күзет пен бақылауды күшейттік. Сөйткеннің өзінде өрт шығып кетті. Өрт шықты дегенді ести салып жанұшыра жетіп келсек, күрд ағайындар қолдарына бір-бір леген ұстап алып өрт сөндіріп жүр екен. Сулары да, легендері де дайын көрінді. Бұдан басқа ештеңе айта алмаймын...

Ардақ ҚҰЛТАЙ