Есікте бірнеше жігіт зорлаған бойжеткеннің ісі бойынша сот үкімі шықты
2016 ж. 28 қараша
2865
1
Еңбекшіқазақ соты Есікте зорланған бойжеткеннің ісі бойынша сот үкімін шығарды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Today.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Барлық төрт айыпталушы "Зорлау" және "Адам ұрлау" бабы бойынша кінәлі деп табылып, өз жазаларын алды. Ербол Ермеков пен Нұрбол Елтай "Зорлық әрекеттері" бабы бойынша ақталып шықты.
Нұрбол Елтай мен Асхат Бектұрсын "Бұзақылық" бабы бойынша кінәлі деп танылды.
Еске салсақ, Алматы облысының тұрғыны Жібек Мусинованы төрт жігіт зорлағаны туралы бұған дейін хабарланған болатын.