Тасмағамбетов 15 мыңдай отандасымыздың жат ағым жетегінде жүргенін мәлімдеді
2016 ж. 26 қараша
2503
2
Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда 15 мыңға жуық діни жат ағымдарды қолдайтын адамдар өмір сүреді, деп хабарлады республика премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов.
«Дерадикализация — бұл мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың бірігіп, барынша күш салып жұмыс жасайтын сала. Бүгінде тек 22 қоғамдық ұйым дін саласында кеңес беру және оңалту көмегін көрсетумен айналысады. Бұл жалпы ҮЕҰ санының 0,12 пайызы ғана. Ресми статистикалық мәліметі бойынша елде 15 мыңға жуық адам діни жат ағымдарды қолдайды», — деген вице-премьер Астанада өтіп жатқан VII Азаматтық форумда.
Вице-премьердің алға тартқан ресми статистикалық мәліметі бойынша елде 15 мың жуық адам діни жат ағымдарда жүргеніне қарамастан, тек Астана, Көкшетау, Қарағанды, Таразда ғана екіден көп орталық жұмыс жасайды, Петропавлда бірде-бір оңалту орталығы жоқ. «Оңтүстік Қазақстан облысында үш мыңға жуық тыйым салынған діни ағымдардың ізбасарлары бар. Алайда, аталған облыста тек бір ғана үкіметтік емес «Нұр-Мұра» ҚБ ұйымы дін саласында кеңес беру және оңалту мәселесімен айналысады», - деп мәлімдеді Тасмағамбетов.