Келіні Мейрамбек Беспаевтың қандай «қайын ата» екенін айтып берді
2016 ж. 22 қараша
6171
4
Келіні Мейрамбек Беспаевқа күн сайын иіліп сәлем салатынын айтып өтті
Мейрамбек Беспаевтың келін түсіріп, дүркіретіп той жасағаны елге белгілі. Әнші өзі тәрбиелеп өсірген інісі Мейірбек Беспаевты үйлендіріп, небәрі 40 жасында «қайын ата» атанған еді. Беспаевтың келіні Рабиға Аябекова әншінің қандай қайын-ата екенін айтып берді, - деп жазады stan.kz.
«Жалпы өзім де шығармшылық ортаға қарай, журналистика саласына бағытталдым. Ата-анам да психологиялық тұрғыдан өнерге бейімдегендіктен ол кісілер дайын болды. Біз бес жылдай араластық. Әбден бір бірімізге үйренген тұста тойымыз туралы ақылдастық. Жалпы жылы қабылдады. Атақты ғана емес, өте қарапайым ашық жандармен құда болуға олар қуана қуана келісті», – деп атап өтті Рабиға Аябекова 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында.
Келіні Мейрамбек Беспаевқа күн сайын иіліп сәлем салатынын, қалағанынша шайын құйып беретінін айтып өтті. Өз кезегінде әнші-атасы да жылы лебізін білдіретін көрінеді.
«Енем сабырлы жан. Бастапқыда қай заттың қайда орналасқанын айтып, үйдің шаруалары бойынша бағыт сілтеді. Ақыл-кеңестер, білмегенімді сұрап отырамын. Әзірлеген асым қандай болып шықса да жақсы не жаман деп айтпайды. Бетімді қайтармау үшін «келесі жолы жақсы шығар» деген сынды жылы сөздерін айтып отырады. Жалпы қайын ата, қайын енеге келгенде өте жолы болған адамдардың бірімін», – деп атап өтті Рабиға.
Айтпақшы, жуырда ғана шаңырақ көтерген жас жұбайлар болашақта дүниеге келер әр сәбиінің есімін Мейрамбектің өзіне ғана қойдырмақ.
«Қайын атама қойған атым – Ән-аға. Әл әлемінің патшасы Шәмші Қалдаяқов болса, мен үшін қазіргі ән әлемінің биік тұлғаларының бірі осы кісі», – деп түйіндеді сөзін Беспаевтың келіні.